Кадзуо Исигуро «Жоғалтып алма сен мені»
«Жоғалтып алма сен мені» — «Time» журналының нұсқасы бойынша ағылшынның ең үздік 100 романы тізіміне енген тамаша туынды. Кітап авторының тегі — жапондық, Брэдберидегі Малькольм әдеби семинарының түлегі, Букер сыйлығының лауреаты («Қалған ғұмыр» романы үшін берілген).
Отыз жастағы Кэти — Хейлшем мектебінің тәрбиеленушісі. Ол Хейлшемдегі өмірін — балалық кезеңі мен жастық шағын есіне түсіреді. Шығарма кейіпкерлері кәдімгі адамдардан ерекшеленеді. Өйткені олар — жасанды адамдар. Хейлшем атты клон-балаларды тәрбиелейтін арнайы мектеп-интернатында өскен. Романда автор клондардың жан дүниесін ашуға тырысады. Олардың да кәдімгі адамдар сияқты махаббат, достық атты ұлы сезімді ұлықтайтыны, өмірге құштарлығы баяндалады. Бұл роман-тәмсіл — «Бүкіл өміріңмен қызмет ету» ұғымының нақты іске асырылуы.