Камал Әлпейісова «Жүрегімде жасырған жырларым»

Жұртшылыққа жазушы, журналист, белгілі аудармашы, ілеспе аударманың ізашар мамандарының бірі ретінде танылған Камал Әлпейісованың бұл жинағы оның жаңа қырын ашады. Ол аудармамен бірге, өлең де жазғанымен, оны жариялауға асықпаған. Бірнеше өлеңіне ән шығарылған. Автор әр жылдары жазған өлеңдерін жинақтап ұсынып отыр.

Кітап қалың оқырманға арналған.