«Көркем мінез» Нұрлан Анарбаев
Ислам діні сенім (ақида), құқық (фиқһ), ахлақ (көркем мінез) секілді үш ұстыннан тұратындығы белгілі. Қолыңыздағы еңбек осы үшеуінің ішіндегі ахлақ мәселесіне арналады. Ахлақтың негізгі атқаратын функциясы – адам мен адам және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жекелеген адамгершілік қасиеттер туралы сөз болады. Екінші бөлімде әдептілік қағидалары жинақталған. Еңбек жалпы оқырман қауымға арналған.