Ләйлә Сұлтанқызы. Менің екінші кітабым
Бұл кітапты жазған ақылы асқан ғұлама ғалым емес, өзіңіздей адам, өзіңіздей әйел екенін ұмытпаңыз. «Бұл кітапты өзіне қойылған көптеген сұраққа жауап ретінде жазып отыр» деп санаңыз. Айттым ғой, гуру емеспін, сарапшы емеспін. Колымнан келетіні — көрген- білгеніммен бөлісу, шын жүректен, таза ниетпен бөлісу. Өмірімді, түйгенімді бар күйінде баяндап беру ғана. Оқып шығыңыз. Ұнар, ұнамас... Кейбір кеңестер қажетіңізге жарар. Бетпе-бет тілдескендей болайық деп, әдейі ауыз екі сөйлеу стилінде жаздым. Сондықтан сырлас құрбыңыздың күнделігі ретінде қабылдаңыз.