Мағира Қожахметова Ұзақ жолдың бойында
«Руханият. ТҰлға. Уақыт» , «Ғылым. Таным», «Қоғам. Еңбек. Тағдыр» бөлімдерінен тұратын кітап тұтастай бір кезең өркениетін, алтын дәуірімізді құрайтын жандардың галереясымен қауыштырады. Аңызға айналғанымен аттарының төңірегінде қарама-қайшы пікірлер қалыптасқаны бар, жаңалық ашып, елеусіз өткені, өз саласында ерлік жасаса да еш мойындалмағаны бар, тылсым тұңғиығына сүңгіп, күрделі де қызықты ғұмыр кешкен, енді бірі еңбектің көрігін қыздырған, ғылымның қия шыңына шығып, асу-асу белестерді бағындырғандардың жан дүниесінен сыр шертетін бұл жинақ автордың «Менің шашылған энциклопедиям» жеке жоба-топтамасының логикалық жалғасы.