Әмина Құрманғалиқызы «Әулет пен нәубет»
Қалың оқырманға сыншы ретінде танылған Әмина Құрманғалиқызының «Әулет пен нәубет» атты романында бір әулеттің тауқыметті тағдыры арқылы күллі қазақтың бастан кешкен зұлмат жылдары суреттеледі. Роман - әрі әулеттік, әрі тарихи көркем шежіре. Сыншылықпен қоса автордың көркем прозадағы қабілеті де танылады. Оқиғасы шындық, тілі көркем. Автордың бұдан басқа «Біз де қайттық өмірдің базарынан» және «Жеті ата Жолымбетке құйған нұрын» атты көлемді көркем прозалық шығармалары бар.