Митчелл М.: Жел өтіндегі тағдырлар.
«Жел өтіндегі тағдырлар» романы — әлеуметтік өткір мәселелерді айшықты бейнелейтін әсерлі туынды. Шығарма АҚШ тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірі — Азаматтық соғыс пен қайта құру жылдарын қамтиды. Романда оңтүстіктің сұлу да батыл бикеші Скарлетт О’Хараның соғыста жақындарынан айырылуы, жауапсыз махаббат пен қоғам таңып берген түсініктерге қарсы жанкешті тағдыры баяндалады. Өмірге құштарлық пен еркек атаулыға деген сүйіспеншіліктің қайсысы маңызды? Барыңыздан айырса да, бағытыңыздан қайырмай, болашаққа бастайтын нендей күш? Бұл тек махаббат туралы ғана кітап емес. Бұл — достық пен қызғаныш, сатқындық пен адалдық, жанқиярлық пен алапат күш туралы бірегей туынды… Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.