Үміт Битенова
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Үміт Битенованың бұл кітабына әр жылдары дүниеге келген поэзиялық шығармалары топтастырылған.
Пәкиза тазалық, сыршылдық, ойлылық араласа өріліп жататын шығармаларымен адамдарға ағынан жарылып сыр айту, тосын тың теңеулер арқылы сәтті шешім қабылдау Үміт жырларының басты ерекшелігі.
Әлеуметтік әуенге бейім, өлең тілін құрайтын сыршыл нәзік сезімін оқиғалы жырларына дарыта білетін ақын барша адамбаласылық байыпты ойға бармайынша, адамзаттың көсегесі көгермейтініне көңілді ұйытып, көзді жеткізеді.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.