Оразбай Зәріпбай. Ұлы даланың Ұлы тарихы.
Бұл кітаптың «Ұлы даланың Ұлы тарихы» деп аталуының басты себебі мен мақсаты - сан ғасырлардан бері Ұлы далада өмір сүріп тіршілік еткен түркі халықтарының, олардың қатарында кейіннен «қазақ» деп аталған халықты кұраған ру-тайпалардың шығу тегі, дамуы, тіршілігі, тарихы, өмірлік салт-дәстүрлері, мекен- жайлары мен атақоныстары, олардың бір-бірімен қарым-қатынастары, қол жеткізген ұлы жетістіктері туралы деректерді әлем ғалымдары мен тарихшылары мойындаған әйгілі парсы және араб тіліндегі еңбектердің негізінде дайындау және оларға қатысты шыншыл түсініктемелер жасау, еуроцентристік көзкарас негізінде бұрмаланған тұстарын нақты дәлелдер арқылы көрсету, кейбір ақтандақ болып келген тұстарының орнын тың деректермен толықтыру және Ұлы даланың көптеген данқты перзенттері ежелгі заманнан бері ұлы империялар құрған «Ұлы Билеушілердің» шыққан тегі мен ата қоныстары туралы нақты да, дәлелді деректер келтіру болып табылады.
Олар адамзат тарихына тегеуірінді ықпал жасап, оның өркениетіне өшпес із қалдырдырған. Солардың ішінде Шынғыз хан мен Әмір Темірдің алатын орны ерекше екені белгілі. XIII ғасырда әлем билеушісі атанған Шыңғыз хан Еуразия кеністігінде алып империя құрып, оны әйгілі төрт ұлыска (мемлекетке) бөліп, оларды оның даңқты перзенттері Жошы, Шағатай, Үгетай, Төле хандар және олардан тараған ұрпақтары бірнеше ғасырлар бойы билегені белгілі.
Сосын Шағатай ханның билік құрған мемлекетінде өмірге келіп, аталған империяны едәуір кеңейтіп, оған коса Шам мен Үндістанды түгелдей иеленген Әмір Темір көрегеннің Шынғыз ханның аталас жакын туысқаны екені әлем жұртшылығына әлі күнге дейін жақсы мәлім емес. Оның бірнеше себептері бар. Олар туралы осы кітапта нақты деректер мен егжей-тегжейлі түсініктемелер келтірілді.