Процесс
Франц Кафка – әдебиеттегі экспрессионизмнің ірі өкілі. «Процесс» - Кафканың соңғы шедеврі. Романдағы оқиға Прагада болған (алайда мәтінде қаланың аты айтылмайды). Онда ірі банктің прокурисі Йозиф К.-нің ісі бойынша әлдебір бейресми, бәрі білетін, бірақ өмірінде ешкім көрмеген әйгілі сот тергеу жүргізеді. Ешқандай айыбым жоқ деп санайтын басты кейіпкер ештеңе болмағандай түр танытсам, басыма төнген беймәлім қауіп сейіледі деп ойлайды. Алайда жүріп жатқан процестің қараңғы иірімі оны тұңғиыққа тарта береді...