Сақиналар әміршісі
«Сақиналар әміршісі» трилогиясы – авторға әлемдік даңқ әкелген тамаша әдеби шедевр. Шығарма мыңдаған жылдарды қамтитын Сақина үшін болған шайқас жайын баяндайды. Жазушы адамдар әлеміне дейін өмір сүрген эльфтер, гномдар, хоббиттер, перілер, орктар және басқа да мифологиялық жаратылыс иелерін, олар өмір сүрген әлемді толығымен ойдан құрастырған. Құдіретті Сақиналардың Иесі барлық тірілер мен өлілер әлеміне билік ете алады, сонымен қатар оның өз еркінен тыс Зұлымдыққа қызмет етуіне тура келеді.
«Сақиналар әміршісінің» бұл бөлімінде Ақ пен Қараның – Минас Тирит пен Минас Моргул қамалдарының текетіресі шиелісіне түседі. Басты кейіпкер Фродо Голлум құрған тұзаққа түсіп, залым өрмекші Шелобтың зыңданында өмір үшін күреседі. Қожайынын өлдіге санаған сенімде қызметші Сэм Сақина қорғаушысының міндетін өз мойнына алып, Кеңес мүшелерінің миссиясын әрі қарай өзі атқармақ болады.