Salmaq

Кітап қалың оқырманға арналған. Бүкіл қоғам дәл қазіргі күндері ауыр кезеңдерді бастан өткеруде. Осы бір аумалы-төкпелі қысылтаяң шақ адамның психологиясына әсер етпей қоймайды. Материалдық, руханилық жағымыздың барлығы бүтіндеуді қажет етеді. Бірақ жоғымызды түгендеумен жанталасып жүргенде қауырсындай жанымыздың қиналып жатқанын сезбейміз. Егер әркім өз-өзімен байланысқа түсе алса, мына өмірде біз қиындататындай еш нәрсе жоқ екенін ұғар едік. Автордың көздегені, міне осы, яғни өз-өзіңмен қалай байланысқа түсуге болатындығын соқырға таяқ ұстатқандай айқындап береді. Мұхит Сапарбаев – бестселлерге айналған бірнеше кітаптың авторы. Автордың «Salmaq» кітабы нағыз керек кезде жарық көріп отыр. Кітап оқырмандарына аса қажет ақпараттар ұсынуда. Сонымен қатар кәсіби деңгейде жазылған. Әрбір оқырман көкейінде жатқан түйткілді сауалдардың барлығына тұщымды жауап ала алады. Кітаптың басты мақсаты – оқырманға қамшының сабындай қысқа өмірде еш негативсіз, жеңіл өмір сүруге көмектесу. Автор бұл ретте өзінің әлемдік деңгейдегі тәжірибесі мол деген психологтардан алған білімімен бөліседі.