Сайлаубай Тойлыбаев

Ақын өзінің бұл кітабында елдік пен ерлікті, кемелдік пен кендікті, адалдық пен арды, махаббат пен сүйіспеншілікті, жақсылық пен жаманды, шынайы достықты жырлайды. Атылмаш жинаққа ақынның соңғы жылдарда жазылған жаңа өлеңдері топтастырылған. Тақырып ауқымы кең. Жинақтың алғы шарты Отанды, елді, жерді сүю болып табылады. Кез келген оқиға желісін табиғат тылсымымен ұштастыра отырып суреттейді. Ақын өлеңдеріндегі сюжет пен ою-өрнектің өрілу де ерекше.

Жинақ үш бөлімге бөлінген. Әр бөлім өзінің салмағы мен жүгін көтеріп, айтар ойын оқырман жүрегіне жеткізе біледі.

Ойы орамды, тілі жатық.