Соғыстың сұрқы әйелге жат

«Соғыстың сұрқы әйелге жат» - соғыс туралы әлемдегі ең әйгілі кітаптардың бірі. Ол жиырмадан астам тілге аударылып, көптеген елдің мектеп және жоғары оқу орындарының бағдарламасына енген. Қарапайым майдангер әйелдердің естеліктерінен тұратын бұл еңбек – соғыстың адам төзгісіз жағдайларында өмір үшін жанталасқан әйелдің рухани әлеміне үңілудің озық үлгісі.