Сыр сандық. Қазақ халық әндерінің антологиясы

Бұл антологияда қазақтың халық әндері, халық композиторларының және Қазақстан композиторларының әндері, туындылары топтама ретінде тұңғыш рет көпшілікке ұсынылып отыр.

            Ән ноталары домбыра аспабының құлақ бұрауына лайықталып жазылған, бұл кәсіби оқыту талабына мейлінше  сай болады. Әндердің мітіндерінің орфоэпиялық текстологиясы орындаушылық  өнер талаптарына сай жазылды, сонымен қатар түпнұсқалық материал ретінде орфографиялық үлгісі де ұсынылды.

            Антология магистратура, бакалавр дәрежесіндегі арнайы кәсіби білім беретін өнер ошақтарының студенттеріне оқу құралы ретінде ұсынылады. Сонымен қатар өнертану ғылымымен айналысушылар үшін де құнды еңбек.