Өтеш Қырғызбаев Телқоныр
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Өтеш Қырғызбаевтың «Телқоңыр» романы мен «Назқоңыр» пьесасы ұлттық шертпе күй өнері Қаратау мектебінің негізін қалаған даңқты күйші Сүгір Әліұлының өмірі мен шығармашылығына арналған. Күйші өмір сүрген Созақ өңірінде өскен қаламгердің Сүгір ұрпағы мен жақындарының естеліктері, ел көркемдік топшылаулары шындықтың шеңберінен алшақ кетпейді.
Сүгір күйлерінің шығу тарихы да сан алуан, кер заманның қилы-қилы кезеңінен сыр шертеді. Роан атауына ие болған «Телқоныр» күй аңызы қос биені тел емген құлынға арналған. Романдағы Сүгір күйлерінің өмірге келуі жан-дүниесіндегі толқынысымен астасып, шынайы суреттелуімен ерекшеленеді.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.