Троя сұрапылы және оның батырлары

Ежелгі грек аңыздарындағы маңызды оқиғалардың бірі – Троя соғысы. Әуелде спарталық сұлу Елена үшін басталған кескілескен соғыстың нәтижесі алпауыт Трояның күйреуімен аяқталады. Он жылдан астам уақыт бойы троялықтарды ала алмаған ахейліктердің жеңісіне батыр Одиссейдің бір ғана айласы сеп болады. Қолыңыздағы кітапты оқи отырып, адамзат тарихындағы айтулы соғыстың аты аңызға айналған батырларының ерлігі мен тапқырлығын таныңыз. Кітап көпшілік әдебиетсүйер қауымға арналады.