Жадыра Байбұланова «Сезім сөздігі»
Ақынның жаңа жыр жинағына әр жылдарда жазылған махаббат жырлары, патриоттық тақырыптағы өлеңдері енген. Шығармаларда қаламгердің нәзік сезімі мен ішкі бұл- қыныстары, табиғатқа тамсанысы мен өмірге деген құштарлығы көрініс тапқан. Ақын өлеңдері оқырманның жүрек түкпірінен орын алып, көңіл-күй пернелерін дөп басары сөзсіз. Тірліктің тынымсыз сәттерінен бір уақ алыстатып, мөп-мөлдір әлемге ертіп әкетері хақ.
Кітап өлеңсүйер оқырманға арналған.