Жанар Әбдішова «Дүние-бекет, адам-керуен»

Жанар Әбдішова заманауи оқиғаларды баяндаған қызықты туындыларымен мерзімдік баспасөзде жиі жарияланатын, оқырмандар жылы қабылдаған, танымал жазушы.

«Дүние – бекет, адам – керуен» деп аталатын кітабының тақырыбы әр алуан, замандастарымыздың басынан өткен жай-күйлері, тығырық-тан шығар жол іздеген сәттері шынайы, нанымды бейнеленген.

Автордың негізгі кейіпкерлері - әйелдер. Көлемі жағынан қысқа жазылған әңгімелерінің қай-қайсысы да жүрекке жол тауып, оқырманын селқос қалдырмайды, еліктіріп, тартымды оқылады, тілі шұрайлы, көркем.