Жаяу Мұса. Зейтін Ақышев

Ақышевтің бұл романына қазақтың белгілі әнші-композиторы Жаяу Мұса Байжановтың өмірі арқау етіп алынған. Автор Мұса өмірін суреттеу арқылы XIX ғ. екінші жартысы мен XIX ғ. мен XX ғ. бас кезіндегі қазақ даласының жай-күйін, оның саяси-әлеуметтік бет-бейнесін жақсы көрсете білген. Романның оқиғасы қою, кейіпкерлер іс-әрекеті тарихи фактілер мен көркемдік синтез арқылы тұтастық тауып, ситуациялар көп планды шығармаға тән байсалдылықпен дамып отырады.