Жекейұлы З. Намыс оты

Намыс оты / Зейнел Жекейұы.-Алматы: «Sardar G», 2024.-200 бет.
ISBN 978-601-80791-7-7
ӘОЖ 821.512.122
КБЖ 84(5Қаз)
Ж 42
Қазақ халқының – сүйегі асыл! Рухы мықты қазақтың небір біртуар перзенттерінің адам таңғаларық ерліктері аңыз болып ел аузында жүр. Қолдарыңыздағы «Намыс оты» атты жинақ арқылы бұла күштері Жанартау болып атылған талай жанның талайлы тағдырларымен таныса аласыздар. Жұмыр жердің ең беделді жарыстарында ұлт намысын жанын сала қорғап, даңқ тұғырына көтерілген әр спортшының қиын да қызықты жолы – жас ұрпаққа үлкен өнеге.
Жинақтағы екі қолы иығынан жоқ, қайсар мінезді, асқақ рухты, мұзжарғыштай жүйткіген керемет жүзгіштің тағдыры кім-кімді де таңдай қақтырары даусыз. Екі көзі көрмейтін шахматшының әлем чемпионын да тұқырта жеңген өр мінезі, тектілігі кімге де болса керемет үлгі. Екі аяғынан айырылса да мүгедектер арбасымен 42 шақырымдық марафонда топ жарып жүрген жас жігіттің қайтпас қайсарлығы, асқақ рухы жаныңды тебірентеді.
Жасы жетпістің бел ортасына келсе де жұмыр жердің айтулы марафондарында желдей есіп жүлде алып жүрген қарияның қайратына қайран қаласыз. Жетпістен асса да бойдағы қуат тұла бойын кернеп, кір тастарын аспанға атып әлемдік жарыстарда топ жарқан екінші бір қария тағдыры – зінше бір тағылымды хикая.
Жинақтағы жандарын шүберекке түйіп, тағдырымен тайталаса, арпалыса қияға ұмтылған осындай жандардың өмірі – бүгінгі жастарға керемет үлгі. Жас ұрпақты ерекше төзімге шақыратын, намыстарын шар қайраққа қайрайтын, ұлтты сүюге тәрбиелейтін туындылар. Жинақтағы әр кейіпкер тағдыры оқырманды бей-жай қалдырмасы анық. Тағылымы мол еңбек.
Кітап бүгінгі жас ұрпаққа арналған.