Желдербаева С. Мәнерлеп оқу

Орта білім негізі – бастауыш сынып екенін ескерсек, сол бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау аса жауапты іс. Ұсынылып отырған еңбекте сыныптар үшін мәнерлеп оқудың әдістемесі талданып, жаттығу мәтіндерінің мәні жан-жақты ашылады. Кітап жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне, колледждердің оқытушыларына, балалар бақшасының тәрбиешілеріне, ата-аналарға арналады.