Жиенбай Қуаныш «Қарапайым һәм тамаша тағдырлар»

Белгілі жазушы, халықаралық «Алаш», халықаралық ПЕН-клуб сыйлықтарының лауреаты Қуаныш Жиенбайдың бұл жаңа жинағына әдебиет жайлы ойлары мен аты-жөндері елімізге танымал қаламгерлермен болған сұхбаттары топтастырылған. Мойны озық әлем әдебиетінде өмірге келген тың бастамалар, эксперименттер, адам психологиясындағы алуан түрлі тартыстарды оқырманға шыншылдықпен жеткізудегі әдіс-тәсілдердің өз «топырағымызда жерсінуі», замандас жазушылар туралы толғаныстары, төңірегіміздегі құбылыстарға деген автордың жеке көзқарасы ешкімді бейжай қалдырмайды.