Рамазан нұрын шашқан-ай
2016 жылдың 7-маусымында рамазан айының басталуына орай «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның оқырмандарға қызмет ету бөлімінде «Рамазан нұрын шашқан-ай» имандылық сағаты өткізілді.
Рамазан – жалпыға ортақ ізгі амалдар маусымы. Рамазан – Құран түскен қасиетті ай. Бұл айда ораза ұстағандарға сансыз сауап сыйланып, дұға-тілектері қабыл болатын айы.
Рамазан – Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы,айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі.
Рамазан – тәрбие айы, жасаған құлшылықтардың сауабы еселеніп жазылатын, Жаратушы иеміздің жарылқауына, рахымына бөленетін ай.
Рамазан айына арналған іс-шараның мақсаты: Жастарды имандылық жолында тәрбиелеп, оларды жақсы игі істерге жұмылдыру. Мұсылманның 5 парызының бірі оразаның қадір-қасиетін білу, салауатты өмір салты жөніндегі түсініктерін кеңейту.
Рамазан айы адамдардың бойында имандылық қасиеттерді күшейтуге мүмкіндік беретін ай екендігі жайында насихаттау.
Кітапханамызда өткізілген іс-шараға «Сырлас клубының» мүшелері және кішкентай оқырмандарымыз келіп қатысты. Іс-шара барысында «Рамазан-ұлы қонақ», «Ораза», «Ораза ұстау ережелері» тақырыбындағы бейне материалдар көрсетілді. Келген қонақтарға сұрақтар қойылды.
Өткізіліп отырған іс-шара тақырыбы аясында «Ислам және өнеге», «Иман мен дәстүр» кітап көрмесінмен танысты.