Рамазан нұрын шашқан-ай

2016 жылдың 7-маусымында рамазан айының басталуына орай  «Приозерск  қалалық  кітапханасы» КММ-ның оқырмандарға қызмет ету бөлімінде «Рамазан нұрын шашқан-ай» имандылық сағаты өткізілді. 

Рамазан – жалпыға ортақ ізгі амалдар маусымы. Рамазан – Құран түскен қасиетті ай. Бұл айда ораза ұстағандарға сансыз сауап сыйланып, дұға-тілектері қабыл болатын айы.

Рамазан – Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы,айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі.

 Рамазан – тәрбие айы, жасаған құлшылықтардың сауабы еселеніп жазылатын, Жаратушы иеміздің жарылқауына, рахымына бөленетін ай. 

20160607_113228 (1) Рамазан айына арналған іс-шараның мақсаты: Жастарды имандылық жолында тәрбиелеп, оларды жақсы игі істерге жұмылдыру. Мұсылманның 5 парызының бірі оразаның  қадір-қасиетін білу, салауатты өмір салты жөніндегі түсініктерін кеңейту.

Рамазан айы адамдардың бойында имандылық қасиеттерді күшейтуге мүмкіндік беретін ай екендігі жайында насихаттау. 

Кітапханамызда өткізілген іс-шараға «Сырлас клубының» мүшелері және кішкентай оқырмандарымыз келіп қатысты. Іс-шара барысында «Рамазан-ұлы қонақ», «Ораза», «Ораза ұстау ережелері» тақырыбындағы бейне материалдар көрсетілді. Келген қонақтарға сұрақтар қойылды. 

Өткізіліп отырған іс-шара тақырыбы аясында  «Ислам және өнеге», «Иман мен дәстүр» кітап көрмесінмен  танысты.