Тіл - ұлттың жаны

2016 жылдың 22 қыркүйегінде «Қазақстан халықтарының тілдер» мерекесіне байланысты «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде №2 мектептің 5-6-7 сынып оқушылырының қатысуымен «Тіл ұлттың жаны» атты тәрбие сағаты өтті.Балалар мерекеге арнап өз өлеңдерін айтып,тақпақтарын айтып белсенді қатысты.
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.Патриоттық сезімдерін ояту,ана тілімізді құрметтеуге оны сүюге бағыттау.
Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп,түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын,халық тарихының барлық кезеңдерін,жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына.Қазақ тілі аса бай,икемді тіл. Орамын,бұрымын тауып,қисынын,орайын келтіріп пайдалансаң,бұл тілмен сурет салуға,тас қашап,ағаш,текемет оюға болады.Бұл тілден май тамады десе де сыяр.Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң.небір алуа-шекер балдай татитын нәріне,әріне әсте тоймайсың. Осындай майса,сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Тіл-халық қазынасы,ұлттың жаны. «Ана тілін білмеген,анасында сыйламас» демекші өз ана тілін білмеген жаннан,анасын сыйламайды дегенді білдіреді.Қазақ тілі-тек қазақ халқының тілі емес,мемлекеттік тіл-ортақ тіліміз.Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын,өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі.
Балалар бөлімінің кітапханашысы: Г.В Чернеева