Тіл - ұлттың жаны

2016  жылдың  22 қыркүйегінде  «Қазақстан халықтарының  тілдер»  мерекесіне  байланысты «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің балалар бөлімінде  №2 мектептің 5-6-7 сынып оқушылырының қатысуымен «Тіл ұлттың жаны» атты тәрбие сағаты  өтті.Балалар мерекеге арнап өз өлеңдерін айтып,тақпақтарын айтып белсенді қатысты.

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.Патриоттық сезімдерін ояту,ана тілімізді құрметтеуге оны сүюге бағыттау.

Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің  айнасы,өсіп-өніп,түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын,халық тарихының барлық кезеңдерін,жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына.Қазақ тілі аса бай,икемді тіл. Орамын,бұрымын тауып,қисынын,орайын  келтіріп  пайдалансаң,бұл тілмен сурет салуға,тас қашап,ағаш,текемет оюға болады.Бұл тілден май тамады десе де сыяр.Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң.небір алуа-шекер балдай татитын нәріне,әріне әсте тоймайсың. Осындай майса,сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

Тіл-халық қазынасы,ұлттың жаны. «Ана тілін білмеген,анасында сыйламас» демекші өз ана тілін білмеген жаннан,анасын сыйламайды дегенді білдіреді.Қазақ тілі-тек  қазақ халқының тілі емес,мемлекеттік тіл-ортақ тіліміз.Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын,өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. 

 Балалар бөлімінің кітапханашысы:  Г.В Чернеева

image-26-09-16-09-05-3 image-26-09-16-09-05-4 image-26-09-16-09-05-5 image-26-09-16-09-05-6 image-26-09-16-09-05