Ура! Поступление новых книг!

Балаларға базарлық

 

Теңіз қарақшылары

Сиқырлы кітап

Балаларға базарлық

«Теңіз қарақшылары» кітабын қолыңа ал. Бұл кітапта көптеген ғажайып, қызықты оқиғалар баяндалған. Сен айбынды да көңілді теңіз қарақшыларымен танысасың. Ашылып – жабылатын, жазылатын бөліктері, айналмалы басқару тетігі, жарқыраған асыл тастары  бар бұл ғажайып кітап – саяхатты ұнататын балаларға арналған сыйлық.

Балаларға базарлық

 

Көңілді көжек

Ашылмалы кітапша

Балаларға базарлық

Көжектің достарының қолдарынан келмейтіні жоқ. Олар оқиды, жазады, санай алады. Көжек те өзінің қолынан іс келетінін көрсеткісі келеді. Ертегі ашылмалы кітапшаның әрбір парағындағы ғажайып бейнелер арқылы баяндалады. 

Балаларға базарлық

 

Қызыл телпек

Ашылмалы кітапша

Балаларға базарлық

Қызыл телпек киген кішкене қыз төсек тартып жатқан әжесінің хал-жағдайын сұрауға аттанады. Бірақ әжесінің үйіндегі жағдай басқаша сипат алады. Классикалық ертегі ашылмалы кітапшаның әрбір парағындағы ғажайып бейнелер арқылы баяндалады.

Араның санауды үйренуі

Ара және оның достарымен бірге санауды үйренейік. Кітаптың шетіндегі сандарға назар аудар.

Араның пішіндермен танысуы

Ара және оның достарымен бірге сендер пішіндермен танысатын боласыңдар және онда қызықтар таусылмайды!

Әдеби туынды

Әубәкіров Оспанхан

Қағаз Қалпақ

Әдеби туынды

 

Белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіров балаларға арнап бұрын да бірнеше кітап жазған болатын. Ақынның бұл кітабына әр алуан өлеңдері, ертегілері, жаңылтпаштары мен жұмбақтары еніп отыр. Әзілге, мысқылға бай ол  шығармалардан, балалар, сендер қандай нәрседен үйрену керек, қандай нәрседен жирену керек екендігін аңғарасыңдар.