Ура! Поступление новых книг!

Фергюсон Ниал. Ақша. Дүниежүзінің қаржы тарихы.

Ақша әр адамның өмірінде тиісті орын алады және ешкімді де бейжай қалдырмайды. Ақшаның тылсым күші өзіне тартып та тұрады, жиіркенушілік те тудырады. Ол соғыстардың қалай аяқталатынын айқындайды және тамаша өнер шығармаларын дүниеге келтіруге көмектеседі. Сөйте тұра, адамдардың көбі ақша туралы өте аз біледі. Атақты британ тарихшысы Ниал Фергюсон осынау олқылықтың орнын толтыруға бел буып, алдына қойған міндетін ойдағыдай атқарып шыққан. Өзінің дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ең ушыққан кезеңінде жарық көрген осы жаңа еңбегінде ол ақшаның көне заманнан қазіргі күнге дейінгі өткен жолын қалпына келтіреді, күрделі қаржы ұғымдары мен терминдерінің мағынасына қарапайым да анық түсінік береді, тамыры анағұрлым тереңге кеткен адасуларды түзетеді. Мұнымен қатар, әрине, қазіргі дағдарыстың себептеріне толық тоқталады. Бүгінгі таңда әлемдік қаржы жүйесінің бөлігі болып табылатын адамдардың қатары барған сайын өсуде, демек, дүниежүзінің қаржы тарихымен танысу бұрынғыдан да маңыздырақ мәселеге айналып отыр.

 

Г.Қасымберкебаева, Ә.Анипина, Г.Жүнісбек. Тілдескіш.Қазақша-қытайша, қытайша-қазақша.

Тілдескіште банк, қаржы саласында жиі қолданылатын терминдер, сөздер мен сөз тіркестері пайдаланыла отырып, күнделікті қарым – қатынаста жиі орын алатын ақша айырбастау пунктінде, шот пен депозит ашу, төлем карталарын ресімдеу, ақша аудару, кредит алу сияқты қызмет түрлері сөйлеу тіліне лайықталып ұсынылды.

Қазақстан . Өзбекстан халқының емлекеттік тарихындағы ролі.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді».

 

 

 

Досанов Сәбит. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 6 том. Жиырмасыншы ғасыр. Роман – эпопея.

Қазақтың әйгілі жазушысы. ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М.Шолохов ат.Халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді.

Жазушының 6 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман – эпопеясының үшінші кітабы берілген.

Досанов Сәбит. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 5 том.Жиырмасыншы ғасыр. Роман – эпопея.

Қазақтың әйгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және  М.Шолохов ат.Халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді.

Жазушының 5 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман – эпопеясының екінші кітабы берілген.

Төлеген Момбековтің туындылары. Толғау.

Кітапта көрнекті күйші – композитор, Қаратау күйшілік мектебінің озық өкілі Төлеген Момбековтің (1918 - 1997) өмірі мен шығармашылығына қатысты естеліктер, оның орындауындағы халық композиторларының күйлері, сондай – ақ күйшінің өз жанынан шыққан туындылары топтастырылған. Сонымен қатар Төлеген Момбековтің бұрын жарық көрмеген терме – жырлары да жарияланып отыр.

Жинақ домбыра пәнінен білім алушыларға, күйтанушыларға ұсынылады.

 

Фариза Оңғарсынова. (Естеліктер)

Бұл естелік кітап – Мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты, Халық ақыны Фариза Оңғарсынова өміріне арналған.

Адам тіршілікте өз заманы, өз замандастары ортасында Өз тұлғасын сомдап жатады. Ақындығы арқылы өз жүрегін қалың оқырман жүрегіне жалғап өткен Фариза туралы сол замандастары, әріптестері, жолдас –жора, достары оның Адамдық тұлғасын: қайраткерлігін, қамқорлығын, қайсар мінезін, ешкімге ұқсамайтын дара жаратылысын есте сақтаған естеліктері арқылы бізге баяндайды.

Естеліктер жинағы бүгінгі оқырманға арналғанмен, негізгі мақсат – келешек ұрпақ үшін, Фариза ақынның қарапайым тіршілік ортасында қандай болғандығын, болмыс – бітімін, сан – қырлы мінезін, таным – талғамын жеткізу болды. Қазақ поэзиясының Падишасы атанған Фариза ақын туралы айтылған естелік – әңгімелер қаз – қалпында, еш әсерлеусіз жарияланды, құрастырушының мақсаты да осы болды.

 

Тойбай Аршагүл. Даланың дана арулары.

Белгілі журналист Аршагүл Тойбайдың «Даланың дана арулары» атты жинағында бағзы заманнан бергі қилы кезеңде ерен ерліктерімен, өжет, қайсар мінездерімен, парасат-пайымымен, даналығымен халық жадында мәңгі сақталған қазақтың батыр қыздарының, қадірменді аналардың бейнесі сомдалған. «Ел бастаған ер ханымдар», «Аңызға айналған ақ жаулықтылар», «Халқын қорғаған қаһарман бикештер», «Абыз аналар», «Алашты аузына қаратқан арулар», «Ағартушы арулар», «Қуғын-сүргін құрбаны болған асыл жарлар», «Талантымен танылған тұлғалар» деген тарауларға бөлініп жазылған кітаптың қалың оқырманға берер танымдық, тәрбиелік мәні зор.

 

Қазақ телевизиясы. Энциклопедия.

Әлемдік өркениет көшінің бойындағы ұлан – ғайыр сапарда қалың көрерменнің күнделікті сырласы мен сыйласына, ақылманына  айналған өнер музасының бірі әрі  бірегей – көгілдір экран. Әрбір үйдің төріндегі сырлы да сыршыл теледидардың  ғасырға жық қалың қатпарлы өмір деректерінде қол жеткен жетістіктері мен уыстан шығарып алған  сәттері де, адамзатқа сыйлаған шаттыққа кезеңдері де мол.

Кітапта танымал тұлғаларға, әр жылдарда көрермен жадында жатталып қалған бейнелі бағдарламаларға, болашаққа жол сілтер танымдық ойларға молынан орын берілген. Сонымен бірге оқырмандар мен тележурналистер жаһандық әрі отандық телеарналар тарихы мен қазіргі күннің сандық телевизиясы  жайлы да тың және қызғылықты деректерден, айшықты кестелер мен өткен күндер тарихынан сыр шертер суреттерден, мазмұнды да мағыналы мәліметтерден хабардар болады.

Жүністегі К. Соңғы абыз.

Қарымды қаламгер Кәмел Жүністегінің шығармашылығымен оқырман кеңінен таныс.Оның қаламынан шыққан «Дос көңілі», «Көне хикая», «Көксеу» атты кітаптарын, «Құба белдер» трилогиясын және «Көксеңгірдің тасында» повестер мен әңгімелер жинағын жұртшылық жылы қабылдаған болатын. Жазушының «Соңғы абыз» романы әдебиетіміздегі зар заман деп аталған әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі-Шортанбай ақын өмірі мен сол тұстағы қазақ елінің жай-күйін көрсетуге арналған. Жырау өмірін жан-жақты зерттеген жазушы өз романында сол кезеңдегі қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігін, ел ішінің жай-жағдайын, заман тынысын айқын танытуға тырысады.

Роман тілі тартымды, шұрайлы.