Ура! Поступление новых книг!

Матайқызы Д. Ұрпағым, саған айтам.

Өзің өмір сүріп отырған дәуірдің, қоғамның оң – терісін көгенкөз ұрпағыңа екшеп, ғибрат ретінде айтып кеткенге не жетсі!

Ел сыйлаған қадірлі ана, өмір өткелдеріндегі ауан жайттарды, халқымыздың салт – дәстүрін кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде қағазға түсіріп жүрген Ділдә Матайқызы Тастамағамбеткелінінің «Ұрпағым, саған айтам» деген туындысы әлі талай буынның қажетіне жарар деген ойдамыз.

Твен М. Приключения Тома Сойера

Данная книга представляет собой адаптацию одного из лучших романов знаменитого американского писателя Марка Твена "Приключения Тома Сойера". Это увлекательный рассказ о веселом и сообразительном мальчишке из провинциального американского городка и его друзьях, с которыми происходят удивительные приключения. Текст пособия адаптирован в учебных целях до уровня Pre-Intermediate. После каждой главы дается комментарий и перевод трудных слов и выражений, а также упражнения, направленные на проверку понимания текста, отработку лексики и грамматических правил, развитие устной речи. Новые слова включены в словарь, который помещен в конце книги. Пособие предназначено учащимся 7 классов школ, гимназий, лицеев, а также широкому кругу лиц, изучающим английский язык.

Манас. Елдік пен ерлік энциклопедиясы

Көлемі жағынан әлемдікк фольклорда теңдесі жоқ «Манас» қырғыз халқының ұлы шығармасы. Эпостағы Манас бейнесі – жат елдің зорлық – зомбылығына ұшыраған аз халықтардың елдігі мен ерлігінің, бостандық үшін күресінің символы іспеттес.

Бұл – жалпы көлемі он сегіз томнан тұратын ұлы дастанның қара сөзге түсірілген нұсқасы. Қырғыз тіліндегі олл нұсқаның авторы – Кеңес Жүсіпов.

Кітап қалың оқырман қауымға, жоғары және арнаулы орта білім беру орындарының оқушылары мен студенттеріне, мектеп оқушыларына арналған.

Кел танысайық, бұл... Адамның денесі

Бұл әсерлі тақырыптық энциклопедиялар балғын оқырмандарға өз ой өрісі кеңейтуге көмектеседі, қоршаған әлем туралы олардың түсінігін маңызды мәліметтермен толтырады. Балалар өсімдік және жануар әлемінің әр түрлілігі, жердің әр түрлі табиғи зоналарының ауа райы, адам денесінің құрылымы туралы көп жаңа және қызықты мәліметтерді біледі.

Елубаев Е. Төрт түлік сөздігі.

Кітапқа төрт түлік жайлы әдеби көркем шығармалар топтастырылған. Дүниежүзіндегі ең малсақ халық – қазақтар екені ежелден белгілі.  Оқырмандарға аңғартары мол, танымдық, тәлімдік мәнге ие, туындылар автордың бұрын жазған, соңғы кезде жазған туындыларынан іріктеліп алынды. Жинақ көпшілік қауымға арналған және оқу үдерісінде қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға да лайықты.

Бірмағанбетов Ә. Шоқан Уәлиханов – географ және саяхатшы.

Кітапшада қазақтың ұлы ғалымы және ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың саяхаттары мен географиялық еңбектері баяндалады. Замандастарының естеліктері және баспасөзде жарияланған басқа да көптеген деректердің негізінде Шоқанның географ ғалым ретінде қалыптасуы, оның Ішкі Азия географиясына қосқан ғылыми үлесі тұңғыш жан – жақты ашып көрсетілген.

Кітапша жоғары сынып оқушыларына, география мамандығын таңдаған студенттерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

Өтетілеуұлы Е. Баластан

Қазіргі қазақ балалар әдебиетінің белді өкілдерінің бірі – айтулы ақын Е.Өтетілеуұлының бұл ктабына оның кезінде оқырман қауым құптай қабылдаған  өлең – жырларының таңдаулы үлгілері еніп отыр.

Сонымен қатар кітаптың негізгі өзегі – қазақы ұлттық болмыс десек осы тақырып аясынантабылатын біраз жаңа туындылар да қамтылған.

Смақов Ж. Көктем күні көңілді.

Аталмыш жинаққа белгілі балалар ақыны Ж.Смақовтың еліміздің балалар әдебиетінің ұлттық қорына кірген өлеңдері кіріп отыр. Оның көңілді және жүрекке жылы тиетін, мейірімді және ойландыратын өлеңдерімен қаншама ұрпақтарымыз сусындап өсті. Үлкен де, кіші де өлеңдерін тамсана тыңдайды, оқиды.

Ж. Смақовтың өлеңдер жинағы – әр бала үшін ең жақсы сыйлық.

Елубаев Е. Ойлан, тап.

Бұл жинаққа көрнекті ақынның жаңадан жазылған және бұрын  жазылған есептері, санамақтары, жұмбақтары т.б. топтастырылған.

Математика, қазақ тілі, әдебиет сабақтарына қосымша құрал ретінде кеңінен пайдалану үшін, сондай – ақ балабақша мен мектеп оқушыларына, ұстаздарға, ата-аналарға арналған.