Ура! Поступление новых книг!

Ертегілер елінде

Ағылшын халық ертегісі

Алтын шашты қыз

Ертегілер елінде

Льюис Кэррол ертегісінің желісі бойынша

Алиса ғажайыптар елінде

Ленты,кружева,ботинки...

Кирсанова Р

Ленты,кружева,ботинки...

Люди во всем мире носят самую разную одежду. И различия в одежде зависят от климата,от обычаев страны,от истории,от религиозных верований народа. И эти особенности  не должны вызывать ни насмешек,ни раздражения: пусть каждый носит то,что ему нравится, и мы с вами тоже наденем на себя то,что нам нравится.

Айналайын балалар IV том

Табылды Ә

Таңдамалы шығармалары

Ақын,жазушы, педагог-ғалым Әдібай Табылды қазақ балалар әдебиетінің керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктетіп, уықтарын түгендеп шығарған 41 кітабына ертегілер, пьесалар, скетчтер, интермедиялар, қойылымдар, әңгімелер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мазақтамалар, тақпақтар,түрлі айтыстар ендірді.

Бұл таңдамасында автор шығармаларын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай лайықтап, іріктеген. Шығармаларды оқу-тәрбие ісінің кез келген саласына және мектеп сахнасы арқылы да пайдалануға болады.

Мектеп сахнасы III том

Табылды  Ә

Таңдамалы шығармалары

Скетчтер атты тарауда «Қыздың жұмысы», «Кербақбай мен Кердеңбай» сияқты сатиралық-юморлық шығармалар енген.Олар қызықты оқиғаларға құрылған.

Қойылымдар атты тарауда «Кім болам?», «Біз мектепке барамыз», «Әліппемен қоштасу», т.б даталық күндерге арналған қойылымдардың мәтіндері берілген.

Кештер және ертеңгіліктер деген тарауда «Ұшырды ұямыз», «Айналайын ақ мамам», «Білім күні» сияқты ертеңгіліктердің,кештердің мәтіндері берілген.

Бокс қолғабыңды жоғалтпа, бауырым!


Айғали Ертай

Бокс қолғабыңды жоғалтпа, бауырым!

Жинаққа енген хикаяттар мен әңгімелердің тілі жеңіл, ыстық сезімге құрылған. Кейіпкерлерінің жан дүниелері бай, шығармаларындағы оқиға желілері оқырмандарын жеңіл жетелеп отырады. 

Кітап тек балаларға ғана емес, ересектерге де арналған. Шығармалары отаншылдыққа, имандылыққа тәрбиелейді. Ұлтын, табиғатын ең бастысы адамды сүюге үндейді. 

Сиқырлы музыка


 Тілеуғазы Бейсембек

Сиқырлы  музыка

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Тілеуғазы Бейсембектің  бұл жинағына музыка туралы балаларға арналған өлеңдері топтастырылды. Бұл – қазақ әдебиетіндегі музыка туралы балаларға арнап жыр тілімен жазылған тұңғыш туынды. 

 

Ақылыңа ақыл қос


Файзуллаев Әлібек

Ақылыңа ақыл қос

О  бастан әділдікке бастайтын жол – ата-ананың балаға берер тәлім – тәрбиесі.

Демек, жас өскін ұрпақ осы кітаптан өзіне өмірлік серік – сенімділікті, адами қасиеттерді бойына сіңіре алады. 

Кітаптағы әңгімеиарқауы қысқа да нұсқа, түсінікті тілмен түйінделген.

 

Абайдың ақындық дәстүрі және Шәкәрім поэмалары

Апеева Гүлнар

Абайдың ақындық дәстүрі және Шәкәрім поэмалары

Монографияда Шәкәрім поэмалары Абайдың ақындық дәстүрі негізінде талданған. Ақын шәкірттер поэмаларының мазмұндық желісіндегі, олардың композициялық құрылымындағы, көркемдеу тәсілдеріндегі ұқсастықтар нақты көрсетілген. Бір дәуірде өмір сүріп, бір әдеби ортада тәлім алғанымен, шығармашылық әлемде әрқайсысы өзіндік із қалдырған Абай шәкірттерінің  ерекше қолтаңбасын танытатын даралықтар да монографияда жүйелі ашылған. Монография әдебиетші қауымға, барлық оқырманға арналған. 

Жұмбақ жолаушы

Ибраев Мерғали

Жұмбақ жолаушы

М.Ибраев «Жұмбақ жолаушы» кітабында өмір хақында өзінің өзекжарды ойларын салады. Сонымен қатар Естай ақын мен Қорлан сұлу жайынан да бір үзік сыр- шежірені хат етіп қалың оқырман қауымға  ұсынады.