Ура! Поступление новых книг!

Балалар энциклопедиясы. Динозаврлар.

 

«Балалар энциклопедиясы» топтамасы – бұл ғылым жөніндегі анықтамалықтар. Мазмұны қызықты да тартымды бұл кітаптарда әрбір тақырып анық және ашық суреттермен берілген. Сөйлемдердің қарапайым құрылымы оқып-үйренудің жеңіл игерілуіне мүмкіндік береді.

Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде.

 

Әріптермен және дыбыстармен танысуға, сауат ашуға және оқуға үйретуге арналған. Қиынды ойын топтамасына жинақ материалды қызықты және оңай қабылдауға көмектеседі.

Лучшие маленькие сказочки.

 

«Самые первые книжки» — это первые шаги вашего малыша в прекрасный мир чтения! Устраивайтесь поудобнее вместе с малышом, открывайте книгу и вы погрузитесь в волшебную страну сказок и стихов классиков детской литературы — С. Маршака, С.Михалкова, В. Сутеева и многих других. Большие яркие иллюстрации и весёлые разноцветные страницы привлекут внимание вашего малыша, и он будет с интересом вас слушать. В серии только лучшие произведения, которые входят в круг детского чтения многих поколений читателей. Все книги серии удобного формата, небольшого объема и необычного дизайна. «Самые первые книжки» — это первая библиотечка вашего малыша!

Қ.Баянбай. 100 Жаңылтпаш – өлең.

 

Автор Қастек Баянбайдың көңілді және жеңіл өлеңдері балаңызға есте сақтау, сөйлеу және қиялын дамытуға көмектеседі. Мария Елизарованың жарқын және көңілді иллюстрациялары балаларға осы маңызды істе көмектеседі.

Е.Елубаев. Зуб мудрости.

 

Имя видного казахского поэта и драматурга, лауреата премии “Алаш” Ескен Елубаева широко известно читателям и зрителям. Он – автор многих сборников стихотворений, пьес, а также сценария кинофильма “Тебе нужен щенок?”.

Произведения автора отличаются искренностью, естественной детской интонацией, юмором. Переводы на русский язык осуществлены известными российскими поэтами и драматургами.

Книга предназначена для читателей школьного возраста и их родителей.

А. Сейдімбек. Аққыз.

 

Жинаққа жазушының оқырман қауым ықыласына бөленген «Күзеуде», «Аққыз» сияқты повестері мен әңгімелері енді. Жазушының құнарлы тілі, халықтың тарихы мен өмір салтына жүйріктігі айрықша ден қойғызады.

М.Мақатаев. Жүрек арызы.

 

Мұқағали Мақатаевтың бұл жинағына оның таңдамалы өлеңдері іріктеліп алынды.

Ақын жырларын сүйсіне оқитын қалың оқырман қауымның талап-тілегіне сай кітап қайта басылып отыр.

С.Торайғыров. Шығармалар жинағы.

 

Бұл жинаққа Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) шығармалары – «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары мен «Адасқан өмір», «Айтыс» поэмалары, өлеңдері және ақынның өмірі мен шығармасын зерттеген қосымша әдеби және әдістеме­лік материалдар енгізілді. 

Оқушы ақынның шығармаларын кеңінен түсініп қана қоймай, Сұлтанмахмұтты ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, өз заманының ағартушы, қоғам қайраткері ре­тінде танып, біледі.

Кітаптың кіріспесі Өмірхан Әбдиманұлының ақынның өмірбаяны мен творчествосын зерттеген мақаласымен бас­талады. Жазушылар Серік Қирабаев, Әбіш Кекілбайұлы, Дандай Ысқақұлының С. Торайғыровтың шығармашылығы мен өмірін зерттеген мақалалары да енгізілген.

Кітап жалпы орта білім беретін мектеп, гимназия, ли­цей­лердің оқушыларына, жоғары оқу орындарына түсетін талап­керлерге, студенттерге, жалпы көпшілік оқырманға арналады.

Сұлтан Қалиұлы. Бақыт құсы.

 

Балаларға арналған қызықты оқу кітабы.

Әділ Балта. 33 мысал.

Бір Кітап келесі Кітапты көріп:
- Ой, неткен сұлусың-ей!... Сені суретші емес, пері безендірген болар. Мені қарашы, түрім де, түсім де қораш... Тіпті, халыққа көрінуге ұят, - деп ішегін тартты.
- Ой, досым-ай, түрде, түсте тұрған не бар дейсің? Ішкі дүниең сұлу болмаса, пайдасы не? Ертең қоқыс жәшіктен бір-ақ шығамын ба деп зәрем жоқ...- деп анау күрсінді.