Жаңа кітаптар келді

Сматаев Софы. Әулет сыры.

«Алау», «Ақжелең», «Бұлақ» романдарының, «Елім - ай» трилогиясының авторы, көрнекті жазушы Софы  Сматаевтың алғашқы кітабы – «Астана оттары» өлеңдері мен балладаларынан   құралған. Араға жылдар салып «Әулет сыры» атты тамаша дастанды әкелуі де сол ақындық дарынның бір дәлелі болса керек.

Дастан оқиғасы оқырманын қызықтырып, толғандырады, өзінше ой түйгізеді.

 

Сматаев Софы (Софыян). Мен – тірімін.

Алаштың классик жазушысы, адуын ақын, айтулы сөз зергері Софы Қалыбекұлы Сматаевтың бұл кітабы - «Жас Алаш» газетінде жарық көрген өрт, дерт, серт, мәрт, өксік дастандарының жинағы. Қазақ оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген бұл шығармалар енді қалың көпшіліктің игілігіне айналмақ.

 

Фергюсон Ниал. Ақша. Дүниежүзінің қаржы тарихы.

Ақша әр адамның өмірінде тиісті орын алады және ешкімді де бейжай қалдырмайды. Ақшаның тылсым күші өзіне тартып та тұрады, жиіркенушілік те тудырады. Ол соғыстардың қалай аяқталатынын айқындайды және тамаша өнер шығармаларын дүниеге келтіруге көмектеседі. Сөйте тұра, адамдардың көбі ақша туралы өте аз біледі. Атақты британ тарихшысы Ниал Фергюсон осынау олқылықтың орнын толтыруға бел буып, алдына қойған міндетін ойдағыдай атқарып шыққан. Өзінің дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ең ушыққан кезеңінде жарық көрген осы жаңа еңбегінде ол ақшаның көне заманнан қазіргі күнге дейінгі өткен жолын қалпына келтіреді, күрделі қаржы ұғымдары мен терминдерінің мағынасына қарапайым да анық түсінік береді, тамыры анағұрлым тереңге кеткен адасуларды түзетеді. Мұнымен қатар, әрине, қазіргі дағдарыстың себептеріне толық тоқталады. Бүгінгі таңда әлемдік қаржы жүйесінің бөлігі болып табылатын адамдардың қатары барған сайын өсуде, демек, дүниежүзінің қаржы тарихымен танысу бұрынғыдан да маңыздырақ мәселеге айналып отыр.

 

Г.Қасымберкебаева, Ә.Анипина, Г.Жүнісбек. Тілдескіш.Қазақша-қытайша, қытайша-қазақша.

Тілдескіште банк, қаржы саласында жиі қолданылатын терминдер, сөздер мен сөз тіркестері пайдаланыла отырып, күнделікті қарым – қатынаста жиі орын алатын ақша айырбастау пунктінде, шот пен депозит ашу, төлем карталарын ресімдеу, ақша аудару, кредит алу сияқты қызмет түрлері сөйлеу тіліне лайықталып ұсынылды.

Қазақстан . Өзбекстан халқының емлекеттік тарихындағы ролі.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді».

 

 

 

Досанов Сәбит. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 6 том. Жиырмасыншы ғасыр. Роман – эпопея.

Қазақтың әйгілі жазушысы. ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М.Шолохов ат.Халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді.

Жазушының 6 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман – эпопеясының үшінші кітабы берілген.

Досанов Сәбит. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 5 том.Жиырмасыншы ғасыр. Роман – эпопея.

Қазақтың әйгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және  М.Шолохов ат.Халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді.

Жазушының 5 томына «Жиырмасыншы ғасыр» роман – эпопеясының екінші кітабы берілген.

Төлеген Момбековтің туындылары. Толғау.

Кітапта көрнекті күйші – композитор, Қаратау күйшілік мектебінің озық өкілі Төлеген Момбековтің (1918 - 1997) өмірі мен шығармашылығына қатысты естеліктер, оның орындауындағы халық композиторларының күйлері, сондай – ақ күйшінің өз жанынан шыққан туындылары топтастырылған. Сонымен қатар Төлеген Момбековтің бұрын жарық көрмеген терме – жырлары да жарияланып отыр.

Жинақ домбыра пәнінен білім алушыларға, күйтанушыларға ұсынылады.

 

Фариза Оңғарсынова. (Естеліктер)

Бұл естелік кітап – Мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты, Халық ақыны Фариза Оңғарсынова өміріне арналған.

Адам тіршілікте өз заманы, өз замандастары ортасында Өз тұлғасын сомдап жатады. Ақындығы арқылы өз жүрегін қалың оқырман жүрегіне жалғап өткен Фариза туралы сол замандастары, әріптестері, жолдас –жора, достары оның Адамдық тұлғасын: қайраткерлігін, қамқорлығын, қайсар мінезін, ешкімге ұқсамайтын дара жаратылысын есте сақтаған естеліктері арқылы бізге баяндайды.

Естеліктер жинағы бүгінгі оқырманға арналғанмен, негізгі мақсат – келешек ұрпақ үшін, Фариза ақынның қарапайым тіршілік ортасында қандай болғандығын, болмыс – бітімін, сан – қырлы мінезін, таным – талғамын жеткізу болды. Қазақ поэзиясының Падишасы атанған Фариза ақын туралы айтылған естелік – әңгімелер қаз – қалпында, еш әсерлеусіз жарияланды, құрастырушының мақсаты да осы болды.

 

Тойбай Аршагүл. Даланың дана арулары.

Белгілі журналист Аршагүл Тойбайдың «Даланың дана арулары» атты жинағында бағзы заманнан бергі қилы кезеңде ерен ерліктерімен, өжет, қайсар мінездерімен, парасат-пайымымен, даналығымен халық жадында мәңгі сақталған қазақтың батыр қыздарының, қадірменді аналардың бейнесі сомдалған. «Ел бастаған ер ханымдар», «Аңызға айналған ақ жаулықтылар», «Халқын қорғаған қаһарман бикештер», «Абыз аналар», «Алашты аузына қаратқан арулар», «Ағартушы арулар», «Қуғын-сүргін құрбаны болған асыл жарлар», «Талантымен танылған тұлғалар» деген тарауларға бөлініп жазылған кітаптың қалың оқырманға берер танымдық, тәрбиелік мәні зор.