Жаңа кітаптар келді

Өрт жылдардың отты жандары. (Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстаннан соғысқа шақырылған әйелдер). Құрастырған: К.Жунусова


Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) туралы мағлұматтарды «Халық ескерт- кіштері» атты ресейлік ірі интернет-порталының негізінде құрастырушы Қазақ ССР-інің әскери комиссариатымен сол сұрапыл жылдары соғысқа шақырылған 50-ден астам қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, орыс, беларусь, украин, поляк, еврей сынды ұлт өкілдерінен шыққан нэзік жандылардың ерліктерін тізімдеп, жүйелей көрсеткен.

Қыдырбек Рысбек. Саңлақ. (Спортшы дарабоздардың жеңіс жолы туралы деректі жинақ).

 

«Қазақ балуандары», «Қазақ боксшылары», «Қазақ олимпиадашылары» деректі жинақтарының идея авторы әрі құрастырушысы, «Дәулет», «Берікқазы», «Бекзат» деректі хикаяттарының авторы Қыдырбек Рысбектің бұл кітабына ел спортының айтулы тұлғалары туралы очерктер мен мақалалар еніп отыр.

Кітаптың оқиғалары тартымды, деректері құнды, тілі шұрайлы.

 

Қанат Қайым. Көпір астындағы үй.

Жазушы Қанат Қайымның әңгіме, хикаяттарында кейіпкерлердің алуан түрлі мінез-құлықтары шұрайлы тіл, шұгылалы сезіммен өрнектеледі. Кітапта қиын тағдырлы балалардың тіршілік-тыныстары, арман-тілектері мен ерекше ой-саналарын саралайтын шыгармалар топтастырылған. Отанды, елді, табиғатты сүюге, достық, бірлік, өзара сыйластыққа тәрбиелейді.

Кітап жеткіншек ұрпақ — жасөспірімдер, көпшілік оқырман қауым, сондай-ақ балғын бүлдіршіндерге де арналған.

 

Қайрат Раев. Алаштың арда ұлдары.

 

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы ренессанс дөуірінде қазақтың болашағы үшін, оның кемелденіп жеке ел болуы жолында бар ғұмырын сарп еткен Алаштың арда ұлдарының жұрт алдындағы сіңірген еңбегі әлі де толық ашыла қойған жоқ. Бұл еңбекте Алаш көсемдерімен қатар жүріп, халқына қалтқысыз қызмет еткен бірқатар азаматтардың өмірі мен шығармашылығына қатысты тың де- ректер қамтылған.

Кітап қазақ әдебиетінің сол бір дәуірдегі тарихы мен тағдыры қызықтыратын ізденушілерге, магистрлерге, жоғары оқу орны сту- денттері мен мектеп оқушыларына, мұғалімдерге, жалпы оқырмандарға арналған.

 

Жыр арқауы – Ата заң. Құрастырған: Қайрат Мәми


Бұл кітап Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойына арналған. Кез келген елдің Конституциясы бір күнде пайда болмайды. Қазіргі Ата Заңымыздың түп қайнары — әз Тәукенің «Жеті Жар- ғысы», Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қаска жолының» лайықты жалғасы. Кеңестік мемлекеттің Конституциялары да өзінің ықпалын тигізді.

Ермек Дайырбай. Көкжиегімнің көктемі.

 

Бұл кітапқа «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, бірнеше халықаралық, республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Дайырбаев Ермек Тұрсынұлының әр жылдары жазылған шығармалары енгізілген. Өлең өлкесінде өзіндік орны қалыптасқан ақынның тілі көркем, ойы шұрайлы.

Кітап барша жыр сүйер қауымға арналған.

 

Болат Асанов. Ең әдемі құс қайсы?

 

Болат Асанов -1950 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Ынталы орта мектебін бітірген соң туған ауылында малшы, механизатор болып еңбек жолын бастаған. С. М. Киров атындағы ҚазМУ - дың журналистика факультетін, Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» университетінің «Педагогика және психология» факультетін тәмамдаған. Аудандық газет редакциясында тілші, бөлім меңгерушісі, орта мекгепте Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі және психолог болып жұмыс істеген. Ере- сектермен қатар балаларға да арналған өлеңдер жазады. «Дала дидары» атгы жыр жинағы жарық көрген, «Жетіген» атты ұжымдық жинаққа топтама өлеңдері енген.

 

Байахмет Жұмабайұлы. Қазақ балаларының байырғы ойындары.

 

Ежелден сайын далада ерлік пен өрлікті рухына азық етіп келген қазақ халқы өз ұрпақтарының дені сау, парасатты, асқақ ойлы болып өсіп, жетілуі үшін тұрмыстан ойып алған ойын түрлерін қалыптастырды.

Өзіндік ерекшелікке ие, ұлттық бояуы айқын «Қазақ балаларының байырғы ойындары» кітабы қашан да өз құндылығын жоймай, болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ақыл-парасатын жетілдіріп, дені сау азамат етіп тәрбиелеуде құнды кұралы болмақ.

 

Айқұт Ертұғрұл. Гүрай Сүнгү. Қорқыт ата не деді? Қорқыт атаның әңгімелері

 

Түріктің жас жазушылары Айқұт Ертұғрұл мен Гүрай Сүнгү құрастырған «Қорқыт ата не деді?» атты кітабы түркі әлеміне ортақ, «Қорқыт Ата хикаялары» негізінде қайта жаңадан түсіндіріліп жазылған. Он екі әңгімелеуші Қоркыт Ата хикаяларын өз болмысына, табиғатына, білгеніне карай жаңадан жазып, сол күн мен бүгінгі күн арасында көпір салу, қазіргі кезеңге жақындату аркылы жастарға таныту мақсатында жазылған.

Кітап жалпы оқырман қауымға, жастарға арналған.

 

Агата Кристи. Жеті циферблаттар құпиясы


Бұл детектив романда жиырмасыншы ғасырдың бір топ «алтын жастарының» тыныс-тіршілігі суреттеледі.