Ура! Поступление новых книг!

Мақатаев Мұқағали Өмір – өзен.

«Қазақтың талантты ақындарының бірі, марқұм Мұқағали Мақатаевтың бұл кітабына оның бұрыңғы кітаптарына кірмеген және өмірінің соңғы кезінде жазған жаңа өлеңдері мен толғаулары енгізілді. Ақын Отанға, елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, жүрегінде суымай кеткен махаббат сезімін, жанын кернеген сағыныш сазын, арман – тілегін, өмірге деген құштарлығын жыретеді.»

Ұлы Мұқаңның көзі тірісінде жарық көрген соңғы кітабы осындай алғысөзбен жарық көрген екен.

Көпшіліктің сұрауы бойынша «Өмір - өзен» оқырмандарына өзгеріссіз қайта ұсынылып отыр.

Мақатаев Мұқағали Жүрек арызы.

Мұқағали Мақатаевтың бұл жинағына оның таңдамалы өлеңдері іріктеліп алынды.

Ақын жырларын сүйсіне оқитын қалың оқырман қауымның талап – тілегіне сай кітап қайта басылып отыр.

Мақатаев Мұқағали. Тамаша Айым – Тамызым.

 «Онда – тамыз, мұнда, міне, қараша...» деп өкінішті жүрек бұлқынысын сездірген ұлы Мұқаң соңында қалдрған «Күнделігінде»: «Таңдамалының» болуы жақсы – ақ қой. Оны мен «Тамаша айым - тамызым» («Август – месяц священный») деп атаймын...» деген ниетін жазады. Өкініштісі сол – арада тура бір жылдай уақыт өткенде ақын жүрегі соғуын трқтатып, жоғарыдағы үкілі арманының орындалмай қалғаны белгілі.

Мұқағали мұраларымен етене таныс көзіқарақты оқырманның көңіл түкпіріндегі өкініштің бір мысқал өтеуі болса және оның үстіне ақынның биылғы 85 жылдық мерейтойы тұсында көпшілік көзайымына айналған таңдамалы өлеңдерінің топтамасын  тарту етсек деген ниетпен «Тамаша айым - тамызым» атты жинақты жұртшылыққа ұсынып отырмыз.

Абай Қалың елім, қазағым

Ұлтымыздың ұлы перзенті – хакім Абайдың бұл жинағына біршама өлеңдері іріктеп алынды. Өз заманынан оза туған ақынның терең ойлары мен асыл сөздері келешек заманаларда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.

Қалың оқырман қауым Абай сөздері арқылы өз жүрегіне, өз табиғатына тағы бір үңіле түседі деп сенеміз.

Александр Грин Алые Паруса

Лонгрен, человек замкнутый и нелюдимый, жил изготовлением и продажей моделей парусников и пароходов. Земляки не очень жаловали бывшего моряка, особенно после одного случая.

Как-то во время жестокого шторма лавочник и трактирщик Меннерс был унесён в своей лодке далеко в море. Единственным свидетелем происходящего оказался Лонгрен. Он спокойно курил трубку, наблюдая, как тщетно взывает к нему Меннерс. Лишь когда стало очевидным, что тому уже не спастись, Лонгрен прокричал ему, что вот так же и его Мери просила односельчанина о помощи, но не получила её.

Лавочника на шестой день подобрал среди волн пароход, и тот перед смертью рассказал о виновнике своей гибели.

 

Нәжімеденов Ж. Кішкентай

Жұмекен Нәжімеденовтің «Кішкентай» атты роман бұдан бұрын жарық көрген «Ақ шағыл» романының заңды жалғасты. Кітапта соғыстан кейінгі жылдардың ауыртпалығы, ауыл адамдарының қажымас қайраты, ел тірлігі жан – жақты көрінеді.

Комаровский Е. О. Здоровье ребенка и здравый смысл его родственников

Новое дополненное и переработанное издание замечательной книги знаменитого детского врача Евгения Олеговича Комаровского. Доступная, увлекательная и очень полезная информация, адресованная будущим и уже состоявшимся родителям.

Ребенок вообще, его образ жизни, его родственники и его жизни, его родственники и его болезни в частности. Простые решения, казалось бы, сложных задач. Ответы на вопросы о том, что такое хорошо и что такое плохо, рекомендации, позволяющие принять правильные решения, и советы, способствующие укреплению нервной системы мам, пап, бабушек и дедушек.

Настоящее издание дополнено новыми главами, ряд материалов существенно переработан. Кроме того, читателям предлагается подборка избранных статей и рассказов автора.

Комаровский Е. О. Книга от кашля

Все дети эпизодически кашляют. Кашляющие дети нуждаются в помощи взрослых. Находящиеся рядом взрослы (мамы, папы, бабы, деды) ВСЕГДА имеют возможность эффективно помоч.

Байтұрсынұлы А. Шығармалары

«Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен жарыққа шығып отырған бұл кітапқа алаш азаматы Ахмет Байтұрсынұлының өзекжарды өлеңдері, мақалалары және аударма мысалдары еніп отыр. Сонымен қатар Р. Сыздықова, Р. Нұрғалиев, С. Кәкішев сынды зиялы қауымының Ахмет Байтұрсынұлы өмірі жайында жазылған зерттеулері мен естелігі топтастырылған.

Кітап мектеп, лицей оқушыларына, орта және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

Рамазан Баяр, Базаров Ернар Логикалық сұрақтар

Логикалық сұрақтарды шешуде  оқушының ой-өрісі дамиды, өз пікірін логикалық жолмен дәлелдей білуге, алған білімдері бойынша қорытынды жасай алуға үйренеді және білімін шындай түседі.