Ура! Поступление новых книг!

Елубаев Е. Төрт түлік сөздігі.

Кітапқа төрт түлік жайлы әдеби көркем шығармалар топтастырылған. Дүниежүзіндегі ең малсақ халық – қазақтар екені ежелден белгілі.  Оқырмандарға аңғартары мол, танымдық, тәлімдік мәнге ие, туындылар автордың бұрын жазған, соңғы кезде жазған туындыларынан іріктеліп алынды. Жинақ көпшілік қауымға арналған және оқу үдерісінде қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға да лайықты.

Бірмағанбетов Ә. Шоқан Уәлиханов – географ және саяхатшы.

Кітапшада қазақтың ұлы ғалымы және ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың саяхаттары мен географиялық еңбектері баяндалады. Замандастарының естеліктері және баспасөзде жарияланған басқа да көптеген деректердің негізінде Шоқанның географ ғалым ретінде қалыптасуы, оның Ішкі Азия географиясына қосқан ғылыми үлесі тұңғыш жан – жақты ашып көрсетілген.

Кітапша жоғары сынып оқушыларына, география мамандығын таңдаған студенттерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

Өтетілеуұлы Е. Баластан

Қазіргі қазақ балалар әдебиетінің белді өкілдерінің бірі – айтулы ақын Е.Өтетілеуұлының бұл ктабына оның кезінде оқырман қауым құптай қабылдаған  өлең – жырларының таңдаулы үлгілері еніп отыр.

Сонымен қатар кітаптың негізгі өзегі – қазақы ұлттық болмыс десек осы тақырып аясынантабылатын біраз жаңа туындылар да қамтылған.

Смақов Ж. Көктем күні көңілді.

Аталмыш жинаққа белгілі балалар ақыны Ж.Смақовтың еліміздің балалар әдебиетінің ұлттық қорына кірген өлеңдері кіріп отыр. Оның көңілді және жүрекке жылы тиетін, мейірімді және ойландыратын өлеңдерімен қаншама ұрпақтарымыз сусындап өсті. Үлкен де, кіші де өлеңдерін тамсана тыңдайды, оқиды.

Ж. Смақовтың өлеңдер жинағы – әр бала үшін ең жақсы сыйлық.

Елубаев Е. Ойлан, тап.

Бұл жинаққа көрнекті ақынның жаңадан жазылған және бұрын  жазылған есептері, санамақтары, жұмбақтары т.б. топтастырылған.

Математика, қазақ тілі, әдебиет сабақтарына қосымша құрал ретінде кеңінен пайдалану үшін, сондай – ақ балабақша мен мектеп оқушыларына, ұстаздарға, ата-аналарға арналған.

Крылов И.А Мысалдар

Абдрахман Асылбек – жиырмадан астам жыр жинақтарының авторы. Оның 18 – і балаларға арналған. «Туысыңды таптың ба?», «Сауысқанның сәлемі» атты кітаптары сатиралық өлеңдерден  тұрады.

Қолдарыңдағы И.А. Крыловтың «Мысалдарынан» ақын алғаш рет қазақ тілінде толық түрде түп нұсқасын: ұйқасын, ырғағын стилін сақтай тәржімалап, оқырман қауымға ұсынып отыр. Бұл мысалдар, әсіресе, мектеп оқушыларына хрестоматиялық қосымша оқу құралы ретінде аса қажет деп білеміз.

 

Древний Казахстан. Детская энциклопедия Казахстана.

Книга «Древний Казахстан» познакомит с подлинной историей твоих предков, живших на казахской земле. Это будет своеобразное путешествие по следам исторических событий, начиная с древнейших времен.

Жанайдаров О Тоқтамыс хан

Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркем суретті туындыда қуатты Жошы ұлысының бірлігін қалпына келтіруге күш салған, 1380 – 1395 жылдары Алтын Ордада хан болған Тоқтамыстың өмірі, Алтын Орданың тұтастығын қалпына келтіру жолындағы күресі, Ақсақ Темірмен жүргізген шайқастары және тағы да басқа атқарған істері балалардың таным – түсінігіне лайық, жеңіл, көркем тілмен толық әрі әсерлі баяндалған. 

Жанайдаров О. Хан Тохтамыш

«Хан Тохтамыш» -   красочно иллюстрированная книга для детей и взрослых на казахском  и русско языках, которая доступно повествует  о жизни и деятельности последнего хана Золотой Орды, потомка Джучи – хана, - Тохтамыша, пытавшегося восстановить былое могущество своего государства.