Ура! Поступление новых книг!
Қыстың қызықты хикаялары
Жаңа жылда бәрі де сыйлық алғысы келеді, әрине, оны сыйлау да сондай керемет! Әрине, сыйлық тек қана жаңа ойыншық немесе жаңа киімнен құралмайды, айналаңдағы жандармен бар жылулықты бөлісіп, мейірімділік танытуды да – құнды сыйлық.
Міне, бұл кітаптағы әрбір ертегі дәл осындай қасиеттерге баулиды. Кітап кез келген жастағы оқырмандарға арналған
Құнанбаев А. «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...»
Даналықтың өлшемі бола білген философ – ақынның рухани мұрасымен таныстыру мақсатында осы жинақты оқырман қауымға ұсынып отырмыз.
Кітапқа Абайдың өлеңдері, поэмалары, аудармалары, сондай – ақ қара сөздері енгізіліп, фотосуреттермен толықтырылды.
Жинақ мектеп бағдарламасына сәйкес құрастырылып, оқушылардың қосымша құрал ретінде пайдалануларына және көпшілік оқырман қауымға арналған.
Соқпақбаев Бердібек
Таңдамалы. Роман, хикаяттар, әңгімелер
Қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі көркемсөз шебері Бердібек Соқпақбаевтың таңдамалы шығармалар жинағына «Өлгендер қайтып келмейді» романы, кезінде қалың оқырман қауымның жылы бағасын алған «Қайдасың Гауһар?», «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым-Қожа» т.б. хикаятары еніп отыр. Сонымен бірге кітаптан автордың қаламынан шыққан бір топ әңгімелері, жазушы өмірінің әр кезеңдегі сәттерін бейнелейтін құнды фотосуреттер орын алды.Қазақ әдебиетінде айшықты із қалдырған атақты қаламгердің асқақ рух пен асыл адамгершілік қасиеттерді насихаттайтын өшпес туындылары рухани игілікке айналып халқымен бірге жасап келеді.
Қосбасаров Базархан
Қобыз өнері
Автор өзінің көп жылғы ұстаздық және қобызшы ретінде жинақтаған тәжірибесін осы кітап арқылы беріп отыр. Қобыз үйрену қыр-сыры, оған берілетін әдістемелік кеңестер, оң қол мен сол қол саусақтарының аспапқа қалыптасуы, саз сарынына лайықты үннің шығуы, қобыздың ұлттық нақышы мен жалпы табиғаты жайында лайықты дәріс беріледі, сондай-ақ кітаптан қобыз өнерінің ірі өкілдері туралы мол деректер табасыз. Оқу құралында халық күйлері, халық компазиторларының шығармалары мен Қазақстан композиторларының қобыз күйлері дәстүрінде жазылған бірқатар еңбектері еніп отыр. Кітап музыка оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жалпы өнер сүйер қауымға арналған.
Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты бұл кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған,ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.
Сматаев С. Мейрамсопы – Қарқабат
Қазақтың классик жазушысы, адуын ақын, айтулы сөз зергері Софы Қалыбекұлы Сматаевтың бұл дастаны – Әз Жәнібек ханның уәзірі болған қасиетті Мейрамсопы бабамыз бен Қаракесектің ұранына айналған киелі Қарқабат (Күнай) анамызға арналған. Ұрпақтарына игілік пен ізгілік тілейтін қос киелі рухқа перзенттік тағзым – бұл еңбек.
Мұртаза Шерхан
Таңдамалы.
Қазақ әдебиетіне Сәбит, Ғабит, Ғабиден бастаған алыптар шоғырыеың ізін ала келген үркердей топтың көрнекті өкілдерінің бірі, белгілі көркемсөз шебері, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның бұл жинағына әңгімелері, хикаяттары, драмаллық туындылары, бірді-екілі романдары еніп отыр «Әдебиет –апрдың ісі» дегендей, бүкіл шығармашылық ғұмырында жазу өнеріне соншалықты жауапкершілікпен, ыждағаттылықпен қарап көркемдіктің биік шыңы бағындыра білген айтулы қаламгердің туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды десек, артық айтқандық емес. Көркем шығармашылықты жемісті қоғамдық қызметімен ұштастыра білген автордың азаматтық болмысы, парасат-пайымы еліміз тәуелсіздік алған кезеғде жарқырай көрінеді.
Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы
Кітапқа Ахмет Байтұрсынұлының әр жылдары түзетіліп, өңделіп, толықтырылып отырған «тіл - құрал» атты тіл танытқыш кітаптары, «Әдебиет танытқыш», қазақ тіліне қатысты жарық көрген мақалалары, мұрағаттан табылған құжаттар, пікірлес т.с.с. енгізіліп отыр. Еғбекте қазақ тіл білмінің қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның тілтанымдық мұрасы түпнұсқамен салыстырыла отырып, өзгерістері бары сараланып, жинақталып беріліп отыр. Кітап тіл білімі мәселелерімен айналысып жүрген мамандарға филология факультетінің студенттеріне, докторанттар мен магистранттарға, жалпы көпшілік қауымға арналған.
Аққұлы Сұлтан Хан
Әлихан Бөкейхан. Қазақ жерінің жоқшысы
Бұл томда Алаш көшбасшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан өмірі мен қызметінің 1917-1922 жылдарды қамтитын «Алаш Орда» және 1922-1937 жылдары қамтитын «Мәскеу қапасы» деп шартты түрде аталған екі кезеңі сипатталады. «Алаш Орда» кезеңінде бұрынғы Қазақ хандығы қирандысынан кейін ұлттық мемлекет іргетасы қайта көтерілсе, мемлекетшілдіктің іргесін нығайтуда, сын тезіне салуда «мәскеу қапасы» кезеңінің баға жетпес зор тарихи маңызы болды.
Кітап ЮНЕСКО «шынайы әлемдік даңқты қайраткер» таныған Ә.Н.Бөкейханның туғанына 150 жыл толуы аясында шығып отыр.
Қалығ оқырман қауымға арналған.
Өтен Ахмет
Шығармалар
Жазушы шығармаларының екінші томына қырыққа жуық әңгімесі мен аудармалары еніп отыр. Онда мезгіл жағынан жарты ғасырдан астам уақыт қамтылып, студент, шахтер, құрылысшы, шопан, балықшы, мұғалім, шенеунік, қуғын-сүргін құрбаны, жауынгер солдат, депутат сынды қоғамдық ортада алуан түрлі орны бар адамдар өмірінен сыр шертіліп, солардың әр қилы тағдырлары арқылы әр түрлі саяси-әлеуметтік ахуалды бастан кешкен еліміздің бүкіл тіршілік тынысының кең панорамасы жасалған. Сонымен қатар әңгімелерде ұлт тағдыры, елдік мәселелер де қозғалады.
Кітап көркем әдебиетке қызығушылық танытатын барша оқырманға арналған.