Ура! Поступление новых книг!
Әлімбаев М. Шығармалар жинағы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халық жазушысы, ақын Мұзафар Әлімбаевтың бұл кітабына баланың ой – өрісін өрістетіп, қабілет – қарымын қалыптастыратын өлеңдер мен тақпақтар, нақыл сөздер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, мысалдар еніп отыр.
Кітап жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия оқушыларына, мұғалімдер мен тәрбиешілерге және жалпы көпшілік оқырманға арналады.
Метербаева К. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі
Оқу құралында мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың тиімді әдіс – тәсілдері, жолдары көрсетілді. Болашақ тәрбиеші – педагогтердің ғылыми – теориялық тұрғыдан дайындығы және оны тәжірибеде ұштастырудың жолдары белгіленді.
Ұсынылып отырған оқу құралы педагогика университеттерінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығының студенттері мен магистранттарына және педагогикалық колледж мұғалімдері мен оқушыларына, сондай – ақ мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне арналған.
Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар
Бұл жинақта отызға жуық логикалық кітаптардағы қызықты есептер, ойындар және құрастырмалардың көпшілікке түсінікті бөлігі таңдалып алынған. Бірнеше ғасыр бұрынғы жазбалардан табылған есептерден бастап соңғы кезде пайда болоған құрастырмаларғға дейін берілген. Логикалық есептердің көпшілігі жас талғамайды, мағынасы қарапайым және белгілі бір білімді қажет етпейді. Сонымен қатар барлық жастағыларға қызықты ойындар мен құрастырмалар жинақталған. Негізгі жаттығулар ауызша және мектеп бағдарламасында үйрететін стандартты әдістерден тыс жолдармен орындалады.
Кітап кез – келген жастағы адамдар үшін арналған. Логикалық білімді жетілдіруге немесе бос уақытта ми гимнастикасымен айналысу үшін өте пайдалы.
Қаз дауысты Қазыбек би
Үлкен тапқырлығымен қоса, ғажайып шешендігімен қазақ, қалмақты таңырқатқан Қаз дауысты Қазыбек би өз ел – жұртының қамын ойлап жарғақ құлағы жастыққа тимеген ғұлама. Оның екі ел арасындағы елшілік қызметі де өз алдына бір төбе, әсіресе Қазақ пен Қалмақты бітістірудегі ерен еңбегі кезінде ел ішінде аңызға айналғаны тарихтан мәлім. Бидің осы кітапқа енген парасатқа толы ойлары, маржан сөздері жас ұрпаққа үлгі – өнеге болары айқын деп білеміз.
Ы. Алтынсарин Өмірі мен шығармалары
Бұл кітапқа даланың данасы, дананың дарасы, келелі ойдың егесі, білім теңізінің кемесі – кемеңгер ұстаз, ағартушы Алтынсрин Ыбырайдың (Ибраһим) ыждағатты ынсап көңіл –қаламынан туындаған «Қазақ хрестоматиясы» және бірқатар көкейкесті туындылары топтастырылып отыр.
Туындының түп – тұқияннан ту етері еңбек, өнер – білім, достық, инабат – имандылық иірімдері.
Кітап ұлағатты ой – істің ұйыиқысы – ұстаздардың, ұстаз алдындағы ұрпақтардың, жалпы ақ парақ беттерінен ағыл ақыл, лағыл нақыл алғысы келетін кітап құмар қауымның оралына дөп келетін құнды дүние.
Сент – Экзюпери Антуан де Атажұрт
Есімі әлемге әйгілі француз жазушысы Антуан де Сент Экзюперидің бұл кітабына оның «Түнгі тұйғын», «Оңтүстік почталығы», «Атажұрт» және «Әскери ұшқыш» атты повестері еніп отыр.
Жазушының аталмыш шығармаларымен қазақ оқырмандары өз ана тілінде тұңғыш рет таныспақ.
Матайқызы Д. Ұрпағым, саған айтам.
Өзің өмір сүріп отырған дәуірдің, қоғамның оң – терісін көгенкөз ұрпағыңа екшеп, ғибрат ретінде айтып кеткенге не жетсі!
Ел сыйлаған қадірлі ана, өмір өткелдеріндегі ауан жайттарды, халқымыздың салт – дәстүрін кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде қағазға түсіріп жүрген Ділдә Матайқызы Тастамағамбеткелінінің «Ұрпағым, саған айтам» деген туындысы әлі талай буынның қажетіне жарар деген ойдамыз.
Твен М. Приключения Тома Сойера
Данная книга представляет собой адаптацию одного из лучших романов знаменитого американского писателя Марка Твена "Приключения Тома Сойера". Это увлекательный рассказ о веселом и сообразительном мальчишке из провинциального американского городка и его друзьях, с которыми происходят удивительные приключения. Текст пособия адаптирован в учебных целях до уровня Pre-Intermediate. После каждой главы дается комментарий и перевод трудных слов и выражений, а также упражнения, направленные на проверку понимания текста, отработку лексики и грамматических правил, развитие устной речи. Новые слова включены в словарь, который помещен в конце книги. Пособие предназначено учащимся 7 классов школ, гимназий, лицеев, а также широкому кругу лиц, изучающим английский язык.
Манас. Елдік пен ерлік энциклопедиясы
Көлемі жағынан әлемдікк фольклорда теңдесі жоқ «Манас» қырғыз халқының ұлы шығармасы. Эпостағы Манас бейнесі – жат елдің зорлық – зомбылығына ұшыраған аз халықтардың елдігі мен ерлігінің, бостандық үшін күресінің символы іспеттес.
Бұл – жалпы көлемі он сегіз томнан тұратын ұлы дастанның қара сөзге түсірілген нұсқасы. Қырғыз тіліндегі олл нұсқаның авторы – Кеңес Жүсіпов.
Кітап қалың оқырман қауымға, жоғары және арнаулы орта білім беру орындарының оқушылары мен студенттеріне, мектеп оқушыларына арналған.
Кел танысайық, бұл... Адамның денесі
Бұл әсерлі тақырыптық энциклопедиялар балғын оқырмандарға өз ой өрісі кеңейтуге көмектеседі, қоршаған әлем туралы олардың түсінігін маңызды мәліметтермен толтырады. Балалар өсімдік және жануар әлемінің әр түрлілігі, жердің әр түрлі табиғи зоналарының ауа райы, адам денесінің құрылымы туралы көп жаңа және қызықты мәліметтерді біледі.