Ура! Поступление новых книг!

Ағайынды Гриммдер Қызыл телпек

Науқастанып қалған әжесіне себет толы бәлішін арқалап, Қызыл телпек орманға аттанды. Алдынан қасқыр шығып, оның қайда бара жатқанын біліп алады да, әжесіне Қызыл телпектен бұрын жетеді...

Кішкентай оқырман, бұл оқиғаның немен аяқталғанын осы ертегіден оқып білесің.

Андерсен Г. Х. Ғажайып ертегілер

Ганс Христиан Андерсеннің ертегілері өзгеше бір әлем. Ондағы кіп – кішкентай жүрегі мейірімге толы Түймедақ, адамзатқа өзінің пайдасы тиеріне сенімі мол Зығыр балаларды жақсылыққа жетелесе, қиындыққа мойымайтын қалайы солдат қайсарлыққа, төзімділікке үйретеді.

Ертегілер әр түрлі жастағы оқырмандарға арналған.

Андерсен Г. Х. Избранные сказки

Сказки Ганса Христиана Андерсена – это особый мир. Сложный и многранный, порой жутковатый и жестокий , но, несомненно, чудесный. Автор заставляет сопреживать  героям, плакать и  смеяться вместе с ними, и верить, что чудо и добро неразделимы.

Книга предназначена для детей младшего и среднего школьного возраста.

Ағайынды Гриммдер «Қаршақыз бен жеті құртақан»

Қаршақыз бен жеті құртақан – ағайынды Гриммдердің әлем әдебиетінің жауһарына айналған классикалық ертегісі. Ертегіде сиқырлы айнасы бар өгей шешесінен қашып, жеті құртақанды паналаған Қаршақыздың басынан кешкендері мен оны құтқаруға асыққан ханзада жайында баяндалады.

Кітап мектеп  жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына арналған. Ертегі мәтіні ықшамдалып алынды.

 

«Раушангүл мен Қаршагүл»

Кенепте көркем суреттермен тамаша безендірілген бұл кітапта қыстың бір күнінде апалы – сіңлілі қыздармен  достасқан және олардың көрсеткен қайырымдылықтарына мырзаларша алғыс айту үшін қайта оралған аю туралы әңгімеленеді.

«Раушангүл мен Қаршагүл» ертегісінің мәтіні Ағайынды Гримдер шығармалар жинағанынан алынған.

 

«Он екі биші ханшайым»

Кенепте көркем суреттермен тамаша безендірілген бұл кітапта түні бойы тыным таппай жасырын би билеген он екі ханшайым және олардың құпиясының қалай ашылғаны туралы әңгімеленеді.

«Он екі биші ханшайым» ертегісінің мәтіні Ағайынды Гримдер шығармалар жинағынан алынған.

«Ерте, ерте, ертеде...»

«Ерте, ерте, ертеде...»  - тұрмыс – салт ертегілерінің көркем суретті жинағы. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой – өрісін, танымдық қабілетін дамытатын бұл кітап кішкентай оқырмандарға ғана емес, сондай – ақ ересектер үшін де керемет сыйлық болары анық..

«Жан – жануарлар әлемі»

«Жан – жануарлар әлемі» - қазақ ертегілерінің көркем безендірілген жинағы. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой – өрісін, танымдық қабылетін дамытатын бұл кітап кішкентай оқырмандар үшін ғана емес, ересектер үшін де керемет сыйлық болары анық.

«Күн астындағы Күнікей қыз»

«Күн астындағы Күнікей қыз» кітабына халық арасында кең таралған бірнеше қиял – ғажайып ертегілер енгізіліп отыр. Ертегілердің кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес, сондай – ақ ересектер үшін де керемет сыйлық болары анық.

Лепренс де Бомон Жанна – Мари «Сұлу қыз бен Құбыжық»

Құбыжыққа айналған ханзада өзінің түнерген сарайында сиқырдан құтылар кезін күтуде. Оны сол қалпында қабылдай алатын қыздың махаббаты ғана құтқармақ... Сұлу қыз еш нәрсеге қарамастан ханзаданы ұнатып, сиқырды  жеңе аларма екен?

Кітап мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына арналған. Ертегі мәтіні ықшамдалып алынды.