Жаңа кітаптар келді

Бұдан әрі мені қалайша жақсы көрмекшісің, анашым?

Ертегіде кейіпкерлер әрекетіне сай бауырмалдық , мейірім тақырыбы қозғалды. Балалардан отбасына жаңа кішкентай адам қосылған кезде оны қалай қарсы алғандары туралы сұралады.

Как стать смелым?

Сказка о маленькой Черепахе, которая смело отправилась в океан, поможет вашему малышу сделать еще один шаг к познанию мира и полюбить его во всем многообразии. Перед тем, как прочитать малышу эту историю, ознакомьтесь с действиями, приведенными в конце. Из них вы узнаете, как составить разговор с детьми об устройстве мира, и насколько важно объяснить ребенку всю ценность каждого вида животных и растений. 
Ведь мы - часть этого мира!

Старые медведи не умеют лазать

...В тот день маленький Медвежонок был сильно не в духе. Мама-медведица оставляла его с Бабушкой-медведицей и Дедушкой-мишкой на несколько дней, и Медвежонок был уверен, что ему будет очень скучно со старыми медведями.
Как же неправ был непоседа Медвежонок!
Хейди и Дэниел Ховарт, написавшие эту сказку, помогут вам провести не только занимательный, но и очень полезный разговор с вашим малышом о бабушках и дедушках.

Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан мифтері

Қазақ және орыс тілдерінде балалар мен ересектерге арналып жазылған көркем суретті"Ежелгі Қазақстан мифтері" атты кітап ерте замандарда. Орталық Азияны мекендегенкөшпелі халықтардың мифологиясы мен дініне арналған. Автор ежелгі Қазақстан жерінде өмір сүрген халықтар ұстанған Тәңірге сыйыну діні туралы ұғынықты да тартымды баяндайды.

 Бұл кітапта есте жок ескі замандарда скифтер, ғұндар, ежелгі түркілер мекендеген Енесей аңғарларынан Украина мен Венгрия алаптарына дейінгі ұлан - асыр атыраптағы Ұлы Даланың көне ертегі - аңыздары да жинақталып, өңделіп, түсіндірілген.

Я готовлюсь к школе

Подготовка к школе - очень важный этап в жизни ребенка, ведь ему предстоит не только осваивать массу знаний и умений, но и учиться взаимодействовать с другими детьми и взрослыми в новых условиях. Книжки серии "Готовимся к школе" помогут правильно настроить ребенка, чтобы начало учебы в школе не стало для него стрессом. В предлагаемой книжке автор рассказывает об основных требованиях к школьнику.
Читайте эту книжку вместе с ребенком. Помогите ему почувствовать себя уверенным в новой роли!

Дюма – әке Александр. Үш ноян

"Үш ноян" - Александр Дюма-әкенің 1844 жылы жазған романы. Кітапта ноян атану үшін үй-жайын тастап шыққан кедей гаскондық д'Артаньян мен оның достары үш ноян - Атос, Портос және Арамистің бастан кешкен шытырман оқиғалары баяндалады. Олар Франция патшайымын қорғау үшін кардинал Ришельемен және жымысқы миледимен күреске шығады. Кітапта берілген оқиғалар жас оқырмандарды қызықтыратындай тартымды баяндалған.

Хаггард Генри. Сүлеймен патшаның кеніші

Аталмыш әнгіменің жалпы мазмұны түрлі аңыздарға арқау болатын Сүлеймен патшаның мол қазынасын іздеушілер хақында. Сонымен қоса олардың басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары баяндалады. Саяхатшылардың өз өмірлерін бәйгеге тігу арқылы өткен ауыр да ұзақ сапарының соңы үлкен қуанышпен шектеледі. Әңгіменің өзектілігі сонша, оқырманын әрдайым өзіне тарта түседі.

Верн Жюль. Жер кіндігіне саяхат

"Жер кіндігіне саяхат" - француз жазушысы Жюль Верннің алғаш рет 1864 жылы жарық көрген ғылыми-фантастикалық романы. Ол профессор Лиденброктың жиені Аксельмен және жалдамалы жол бастаушы Ганспен бірге Жер кіндігіне аттанған ұзақ та қауіпті саяхаты туралы баяндайды. Олар жер астында өздерін қызықты әрі жұмбаққа толы шытырман оқиғалар күтіп тұрғанынан хабарсыз еді. Мұның бәрі кітапта тартымды баяндалғандықтан, жас оқырманды қызықтыратыны сөзсіз.