Жаңа кітаптар келді

Құнанбаев А. Шығармалар жинағы.

Бұл басылымға мектеп бағдарламасы бойынша оқылатын Абай Құнанбаевтың (1845 - 1904) шығармалары – өлеңдері, поэмалары, аудармалар, ғақлия (нақыл) сөздері және басқа да қосымша әдеби және әдістемелік материалдар енгізілді. Оқушы ұлы ақынның шығармаларын терең түсініп қана қоймай, Абайды қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, өз заманының кемел қайраткері, ұлт мәдениетінің берік негізін қалаушы ретінде танып – біледі. Кітап оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуына да үлкен көмек, шығарма және реферат жазу кезінде де көмекші құрал бола алады.

Кітаптың кіріспесі Мұхтар Әуезовтың ұлы ақынның өмірбаяны мен творчествосын зерттеу мақаласымен басталды. Жазушылар Т. Медетбек пен Г. Бельгердің ақын шығармашылығы туралы замандастарының Абай туралы естеліктері беріліп отыр.

Кітап жалпы орта білім беретін мектеп, гимназия, лицейлердің жоғары сынып оқушыларына, колледж студенттеріне, жоғары оқу орнына түсетін талапкерлерге және көпшілік оқырманға арналған.

Соқпақбаев Бердібек Менің атым Қожа.

Көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың бұл кітабына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» атты оқырман қауым арасына кең тараған екі повесі еніп отыр. Бұларда ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез – құлық, арман – мақсаты шынайы да шырайлы бейнеленген.

Жұмабаев М. Шығармалар жинағы.

Мұқабасы тозса да, мазмұны тозбас бұл кітапқа қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері мен поэмалары еніп отыр.

Иіні ерен, иірімі терең өткелек өмірдің өзек өртер кермек жас мұңы да, терең ой сыры да ақын өлеңдерінің өзегі мен өрнегіне айналған.

Кітап қазақтың қара өлеңін қадірлей білетін қалың жұртшылыққа арналған.

Заколдованный лес.

В одну сказочную и некогда прекрасную страну внезапно пришла беда – ужасная засуха. По древнему поверью, выходец из королевского рода с благородной душой должен найти в Заколдованном лесу ердце мира, чтобы вернуть королевству былое благополучие.

Сиқырланған орман

Бір кездері ғажайып ел болған өлке кенеттен қуаңшылыққа ұшырайды. Аңызға сенсек, ақсүйек тұқымынан шаққан жаны ізгілікке  толы адам ғана Сиқырланған ормандағы Әлемнің жүрегін тауып, патшалықты бұл қатерден құтқара алмақ...

Алтын бие.

Өз бақытын іздеп алыс сапарға шыққан Алексей есімді жас жігіт Алтын биеге кезігеді.  Оның көмегімен патшаның сынақтарынан сәтті өтіп, Елена сұлумен баянды ғұмыр кешеді.

Сказка о золотой кобылице.

Молодому охотнику по имени Алексей помогает Золотая Кобылица, владеющая искусством волшебства, в то время как он пытается исполнить кажущиеся невыполнимыми прихоти царя.