Жаңа кітаптар келді

Қасым Қайсенов

Жау тылындағы бала

Көрнекті жазушы Қасым Қайсенов бұл кітабында Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін және өзінің ауылда өткен балалық шағын үлкен тебіреніспен суреттеп жазған.                                                                                     Кітап көпшілік қауым оқырманға арналған. 

Бердібек Соқпақбаев

Менің атым Қожа

Көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың бұл кітабына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» атты оқырман қауым арасына кең тараған екі повесі еніп отыр. Бұларда ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез-құлық, арман-мақсаты шынайы да шырайлы бейнеленген.

Жүсіпбек Аймауытов

Шығармалар жинағы

Жүсіпбек  Аймауытовтың бұл жинағына өзі өмір сүрген заманындағы әлеуметтік төңкерістер, әйел теңдігі оның қоғамдағы орны туралы баяндайтын «Ақбілек» романы мен ел сүйіспеншілігіне  бөленген өнер адамының өмірдегі қарапайым қасиеттерін бейнелейтін «Әнші» әңгімесі енгізілген.

Абай Құнанбаев

Шығармалар жинағы

Бұл басылымға мектеп бағдарламасы бойынша оқылған Абай Құнанбаевтың (1845-1904) шығармалары – өлеңдері, поэмалары, аудармалары, ғақлия (нақыл) сөздері және басқа да қосымша әдеби және әдістемелік материалдар енгізілген. Оқушы ұлы ақынның шығармаларын терең түсініп қана қоймай, Абайды қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, өз заманының кемел қайраткері, ұлт мәдениетінің берік негізін қалаушы ретінде танып-біледі. Кітап оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуына да үлкен көмек, шығарма және реферат жазу кезінде де көмекші құрал бола алады.

Жамбыл Жабаев

Шығармалар жинағы

«Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен оқырманға жол тартқан бұл кітапқа – Жыр алыбы Жамбылдың жырлары, өмірі мен өскен ортасы жайынан мағлұматтар беретін құнды еңбектер енгізілген. Жамбылдың жыр-өлеңі өмірдің өз отынан туындап, өмірдің өзіне өлең болып құйылған бастау. Шындықтың шымынан шыңдалып шыққан Жамбылдың айтар ойы айқын, шымыр, шыншыл, шұрайлы, толғақ-толғаулы. Жамбыл жыры жас ұрпақты жасампаздыққа, ерлік істерге, ел мен жерді құрметтеп, сүюге шақырады.

Козы Корпеш – Баян сулу.

Среди эпических сказаний казахской устной литературы это произведение является одним из широко известных, популярных в народе, своего рода символом любви и верности. В народе существует несколько вариантов этого поэтического эпоса. Автор старался адаптировать его к особенностям детского восприятия и к школьной программе. Эпос дан в более расширенном варианте, нежели в учебнике. Это позволяет использовать книгу как дополнительный материал на занятиях по литературе. Книга предназначена для учителей и школьников, родителей, а также для широкого круга читателей.

Сәкен Иманасов

Жәнібек пен атасы

Белгілі ақын Сәкен Иманасовтың бұл жинағына балаларға арналып жазылған өлеңдері мен әңгімелері, ертегілері, сонымен бірге орыс, белорусь, қырғыз қаламгерлерінің шығармаларынан әр жылдары аударылған туындылары топтастырылды. Кітап бөбнетер мен мектеп оқушыларынан арналған.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Шығармалар жинағы

Бұл жинаққа Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) шығармалары – «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары мен «Адасқан өмір», «Айтыс» поэмалары, өлеңдері және ақынның өмірі мен шығармасын зерттеген қосымша әдеби және әдістемелік материалдар енгізілген.

Сұлтан Қалиұлы

Жыл құстары келгенде

Көрнекті балалар ақыны Сұлтан Қалиұлының есімі мерзімді баспасөзде жарияланған шығармалары, кітаптары, мектеп оқулықтарына енген еңбектері арқылы қалың көпшілікке кеңінен таныс. Оның қаламынан шыққан «Мен мектепке барамын», «Сәлем саған мектебім», «Қандай болып өсемін», «Бақыт кұсы», «Қайсы күшті» тағы басқа жиырмадан астам жыр жинақтары балдырғандар үшін жазылған. Кітап мектеп оқушыларына арналған.

Жамбыл Жабаев

Халық – менің шын атым

Бұл жинаққа қазақ халқының жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың лирикалық, заман туралы философиялық өлеңдері мен айтыстары, тарихи-эпикалық дастандары топтастырылды. Жинақтың жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесі мен тағылымы мол болмақ.