Ура! Поступление новых книг!
Сәкен Иманасов
Жәнібек пен атасы
Белгілі ақын Сәкен Иманасовтың бұл жинағына балаларға арналып жазылған өлеңдері мен әңгімелері, ертегілері, сонымен бірге орыс, белорусь, қырғыз қаламгерлерінің шығармаларынан әр жылдары аударылған туындылары топтастырылды. Кітап бөбнетер мен мектеп оқушыларынан арналған.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Шығармалар жинағы
Бұл жинаққа Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) шығармалары – «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары мен «Адасқан өмір», «Айтыс» поэмалары, өлеңдері және ақынның өмірі мен шығармасын зерттеген қосымша әдеби және әдістемелік материалдар енгізілген.
Сұлтан Қалиұлы
Жыл құстары келгенде
Көрнекті балалар ақыны Сұлтан Қалиұлының есімі мерзімді баспасөзде жарияланған шығармалары, кітаптары, мектеп оқулықтарына енген еңбектері арқылы қалың көпшілікке кеңінен таныс. Оның қаламынан шыққан «Мен мектепке барамын», «Сәлем саған мектебім», «Қандай болып өсемін», «Бақыт кұсы», «Қайсы күшті» тағы басқа жиырмадан астам жыр жинақтары балдырғандар үшін жазылған. Кітап мектеп оқушыларына арналған.
Жамбыл Жабаев
Халық – менің шын атым
Бұл жинаққа қазақ халқының жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың лирикалық, заман туралы философиялық өлеңдері мен айтыстары, тарихи-эпикалық дастандары топтастырылды. Жинақтың жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесі мен тағылымы мол болмақ.
Мұзафар Әлімбаев
Шығармалар жинағы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халық жазушысы, ақын Мұзафар Әлімбаевтың бұл кітабына баланың ой-өрісін өрістетіп, қабілет-қарымын қалыптастыратын өлеңдер мен тақпақтар, нақыл сөздер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, мысалдар еніп отыр. Кітап жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия оқушыларына, мұғалімдер мен тәрбиешілерге және жалпы көпшілік оқырманға арналады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шығармалар жинағы
Қазақ ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының бұл жинағына «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн» және т.б. поэмалары мен өлеңднрі, проза, қара сөздері енгізілген. «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы басты кейіпкерлердің бірі – Әнет Бабаның басынан өткерген қиыншылықтарын ұлы Абай тағдырымен салыстырады.Ескі қазақ тұрмысынан алынған поэмалардың негізгі мәселесі – әлеуметтік жағдайлар, мінез-құлық жайы
Қадыр Мырза Әлі
Шығармалар жинағы
Бұл жинаққа қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлінің халықтың көкейінен шыққан лирикалық өлеңдері, философиялық терең оймен өрілген жырлары жасампаз ұрпағымыздың рухани жандүниесін байытып, таным көкжиегін кеңітетін өміршең шығармалар.
Ақселеу Сейдімбек
Аққыз
Жинаққа жазушының оқырман қауым ықыласына бөленген «Күзеуде», «Аққыз» сияқты повестері мен әңгімелері енді.Бұл шығармаларда халқымыздың рухани биік парасаты, төлтума қасиеттері, мәдени бітімі шыншылдықпен көрініс тауып, ата-бабаның арман-аңсары, адам өмірінің мәні мен сәні сөз болады. Жазушының құнарлы тілі, халықтың тарихы мен өмір салтына жүйріктігі айрықша ден қойғызады.
Ілияс Жансүгіров
Шығармалар жинағы
Бұл топтамаға қазақ поэзиясының құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтің атақты Ақан серінің сұлу да трагедияға толы өмірінің соңғы бір сәтін шығармаға арқау ете отырып, Ақанның барлық ішкі жан сырын, биік арман-мұратын жан-жақты суреттеген «Құлагер» поэмасы мен «Күй», «Күйші» поэмалары және «Жетісу суреттері» атты өлең топтамалары енгізілді. Кітап жас оқырмандар мен еөпшілік қауымға арналған.
Сәбит Мұқанов
Шығармалар жинағы
Сәбит Мұқановтың бұл кітабына жазушының «Балуан Шолақ» романы мен «Бақташының баласы» повесі және бірқатар әңгімелері енгізіліп отыр. Әңгімелеріндегі оқиғалардың өмір шындығынан алынуы шығарманың тәрбиелік мәнін арттырады.Ауылды кеңестендіру, байлардың жерін, мал-мүлкін кәмпескелеу, ескі идеологияны таратушылармен күрес, әйел теңдігі үшін үгіт, елді оқуға, білімге шақыру сияқты сан түрлі тақырып – оның әр жанрдағы шығармаларында көрініс береді.