« Кітапхана-рухани жаңғыру жолында»

      2017 жылдың 6 қазан айында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кітапхана- рухани жаңғыру жолында » кітапханашылар арасында  қалалық семинар өтті.  Семинарға қаламыздағы мектеп  және әскери бөлім кітапханашылары қатысты

    Мақсаты: кітапханашылардың біліктілігін арттыру;кітапханашылар өзара тәжірибе алмасып,білімдерін жетілдіру.

    Семинар барысында  кітапхана директоры  П.Кенжебекова  алғысөз сөйлеп, семинардың  қандай бағыт ұстанғандығын тілге тиек етті.Семинарда қазіргі кездегі өзекті мәселе Латын әліпбиі тақырыбында баяндаманы кітапхана әдіскері Ш.Козыгельдиева оқыды. Сондай-ақ библиограф А.Жалдикараева, кітапханашылар А.Исманбетова, М.Айтжанова,  Г.Чернева, Ш.Жунусова, У.Джентинбаева да көпшілік алдында сөз сөйледі. Семинарға қатысушылар тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

       «Кітап-өмір ұстазы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

23456789