Отбасы- өмір аясы

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде, Отбасы күніне орай «Отбасы- өмір аясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Мақсаты:  Отбасы құндылығы туралы  түсініктерді, ұғымдарды кеңейту, оны  сүйе білуге, отбасының тату- тәттілігін, тұрақтылығын сақтауға,  бала мен ата- ана арасындағы қарым- қатынасты нығайтуға, ата-анасын құрметтеуге үйрету. 

Іс-шара барысында «Алтын сандық» викториналық ойыны ұйымдастырылды.  Сандық  ішіндегі сұрақтар үш тілде яғни қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде қойылып, сұрақтарға толық  жауап берген оқырмандарға сыйлықтар ұсынылды.  

Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым —  отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз.Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек.

Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.

Балалар бөлімінің кітапханашысы:

С.Сәбит

20160901_112646 20160910_110036 IMG_1339 IMG_1341