2017 жылдың 1 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде Халықаралық балаларды қорғау күніне «Бала әр ата-ананың болашағы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.
Мақсаты: 1 маусым Балаларды қорғау мерекесін сезіну ,балалық шақтарын бақытты өткізуге ,елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу. Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып ,достыққа бірлікке тәрбиелеу.
Бүкіл әлемде 1 - ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.
Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес. Бұл күн –балалардың шулы да көңілді мерекесі ғана емес ,сондай-ақ балалардың құқығын есіне салатын, иманды да әділетті , қоғамның қалыптасуына жағдай туғызатын мереке.
Іс-шара соңында оқырмандар назарына «Балалар біздің болашағымыз», «Балалы үйдің ұрлығы жатпас» атты сурет көрмелері ұсынылды.