1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні

Тұңғыш деген ұғымның астарында тұңғиық ерекшелік бардай. Селт ете қаласың. Ұлы да қастерлі Отанымыз – Қазақ елінің тұңғыш Тәуелсіздігін әлем тұңғыш мойындады. Тұңғыш рет өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Тұңғыш төл тең­геміз шыққанда өз қазынамызға  иелік ететін күн туды, тұң­ғыш Елтаңбамыз, тұңғыш  Қару­лы Күштеріміз құрылды. Дана қиялынан туған алып Астана бой көтерді. Бала қиялынан туған ер­тегідегі алып шынар, көз жетпес Бәйтерекке айналды. Осы Тұң­ғыш атрибуттардың ең басында осы тұңғыштарды тұңғыш еткен Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр. 

 1 желтоқсан  - Тұңғыш Президент күні  «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде Елбасының ерен еңбегін насихаттау мақсатында  «Егемен ел және Елбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылған болатын. Көрмеге әр түрлі  жастағы жасөспірімдер қатысты.  Оқырмандар назарына 2015 жылы келіп түскен Елбасы жайлы жаңа әдебиеттер ұсынылды.  Мақсатымыз  оқырман қауымға Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың  өмірі мен шығармашылыққа толы істері туралы мәліметтер беру,   ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге,ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

DSCF2996 DSCF3008 DSCF3019

Тұңғыш Президентіміздің са­лиқалы саясаты арқасында тарихында болмаған мектептер, ауруханалар, спорт ғимараттары, бала­бақшалар мен саябақтар бой көтерді. Игілігін ел көріп жат­қан осы жағымды жаңалықтар мен жақсылықтар Тұңғыш Прези­денті­міздің ерен еңбектерінің нұрлы жемісі.

Асқан реформаторлығы, саяси көшбасшылық тұлғасы жылдар өткен сайын биіктей түскен Тұңғыш Президентіміздің мерекесі мерейлі, тәуелсіз еліміздің болашаққа апарар жолы нұрлы, таңы арайлы, сапары сәтті болғай!

 

Балалар бөлімінің кітапханашысы:

К.Курманбекова