2017 жылдың 12 сәуірінде «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімі,оқырмандарға қызмет ету бөлімдерінде 12-сәуір Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күніне арналған «Ғажайып ғарыш», «Ғарыш және Қазақстан» атты кіта

Көрмеге  кітапхананың  тұрақты оқырмандары мен мектеп оқушылары қатысты.

Мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, ғарышты зерттеу және космонавтика тарихына қызығушылығын арттыру;азаматтық және патриоттық сезімін тәрбиелеу.

1961 жылдың 12 сәуірі күні адамзаттың ғарышқа алғашқы сапары жасалды - «Восток» кемесімен тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин ұшты.  12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді. Оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман-тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан кейін ғылыми-техникалық революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевидение, интернет, ауа-райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол ашылды.
Көрмеге  ғарыш,  ғарышкерлер  туралы  жазылған  кітаптар,  газет-журнал материалдарынан қойылды.