2017 жылдың 15 мамыр күні «Көк сандық» жобасының жабылу салтанатына «Қош бол! Көк сандық!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Іс- шараға № 2 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: кітапты насихаттау, кітапты оқудың мәніне және ерекшеліктеріне назар аудару, жаңа кітаптармен  және жаңа авторлармен танысу.

Приозерск қаласында 2017 жылдың 16 наурызы мен 16 мамыр аралығында, яғни 2 ай бойы «Көк сандық» саяхат жасады. «Көк сандық» ішінде 37 кітап бар.  Бұл аралықта біз «Қош келдің, көк сандық!» атты ашылу салтанын өткіздік. Салтанатты кешке мектеп оқушылары, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары келіп қатысты. Сонымен қатар кітапханашылар «Көк сандықты» арқалап  қаламыздағы «Еркетай» шағын орталығына, «Айналайын» балабақшасының бүлдіршіндеріне барып, акцияның шығу тарихы жайлы айтып, кітаптармен таныстырып, ондағы «Бауырсақ», «Үш аю», т.б. ертегілерін оқып беріп, балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын оятты. Балалар «Көк сандық сау бол! Бізге қайта кел!» деп, қимай-қимай қоштасты.

«Көк сандық» саяхаты атты жобаға жалпы 300 оқырман қатысты