2017 жылдың 15 тамыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Ғали Ормановтың туған күніне байланысты «Ана деп жыр төккен» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақ әдебиетіндегі орны мен халық жүрегіндегі орнын қатар тауып, сол халықтың
байсалды жыршысы болып, онымен ұзақ жолын, ақындық жолын бірге кешкен нағыз
халықтық таланттардың бірі - Ғали Орманов еді. Биыл Ғ.Ормановтың туғанына 110
жыл толып отыр. Ғали Орманов (1907-1978) Алматы облысы Қапал ауданы,Ешкіөлмес
деген жерде дүниеге келген.Жас күнінде балалар үйінде тәрбиеленген.Бастауыш
мектепте сауат ашып,кейін Алматыдағы халық ағарту институтын бітірген соң ,біраз
жыл мұғалім болып қызмет атқарады.Алғашқы өлеңдер жинағы «Шеңбер» , «Емен»,
«Бөбек жүрегі».Бірнеше орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тілінде аударған.